Порфирия деген не? Симптомдары, емі, алдын алу

Oinet.kz 11-07-2019 4320

Prfr1.jpg

Порфирия – порфириндік синтездің бұзылуына байланысты туындайтын патологиялық (нормадан ауытқу) топ. Аурудың негізгі себебі зат алмасу жүйесінің ауытқуы, және бұл ауытқудың нәтижесі порфирин гармонының шектен тыс көбеюіне, соның нәтижесінде адамның осы тері ауруына шалдығуына алып келеді. 

Ауру ең көп мұрагерлік жолмен беріледі. Аурудың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі аутосомды-доминантты типпен беріледі. Алайда, көп жағдайда аурудың нақты себебін анықтау мүмкін болмайды.

Порфирия симптомдары.

  • іш төңірегінің қатты ауырсынуы

  • зәрдің қызыл не алқызыл болып шығуы

  • жүрек циклінің жиіленуі, артериалды гипертония, дәреттің бұзылуы, диспепсиялық ауытқу (асқазанның болуы), зәр-жыныс жүйесінің бұзылуы

  • бұлшықет әлсіреуінің пайда болуы

  • психикалық ауытқудың алғашқы симптомдары

  • қояншық талмасының байқалуы

Емі.

Қазіргі уақытта порфириямен шалдыққан науқастарды емдеп шығуға медицинаның қауқары жетпей отыр. Ем-домдар тек ауруға тән белгілердің алдын алуға бағытталып отыр. Порфирияға шалдыққандарға күннен қорғану шаралары ұйымдастырылады. Егер де аурудың бойынан қауіпті синдромдар байқалса, дәрігерлер науқасқа наркотикті препараттар қолданады. Мәселен, артериялды гипертензияға амизин.

Алдын алу.

Сырқаттың нақты себептері толығымен анықталмағандықтан, алдын алу да қазірге мүмкін емес.

Аутизм дерт пе, дарын ба?
Көзілдірік немесе контактілі линза
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу