Дежавю, Жамевю, Прескевю

Oinet.kz 29-07-2019 1690

жамевю.jpg

Көңілдің құбылмалығын айтқанда ойға бірінші оралатын қыздардың эмоциясы. Бірақ барлық адамда бірдей жиі орын алатын құбылыстар бар. Ендеше сіз атауын білмейтін, бірақ жиі сезінетін көңіл күйлерді назарыңызға ұсынамыз.

«Дежавю» – француз  тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» дегенді білдіреді. Ол бір оқиғаның бұрынырақта қайталанғаны секілді көрінетін психикалық ахуал.

Қазіргі ғылыми зерттеулер дежавю кезінде адамның миында не болатынын көрсетті. Ондай кезде мидың дәл қазіргі қабылданып жатқан сигнал («бұл қазір болып жатыр») мен ұзақ уақыттық есте сақтау («маған бұл бұрыннан таныс») деген екі бөлігі бірдей іске қосылады. Есте сақтау бұл уақытта өте белсенді жұмыс істеп тұрғандықтан, оның сигналы қазіргі қабылдаудан аздап озады. Сөйтіп, «болашақты білу» сезімі бірнеше секундқа жылдамырақ пайда болады.

enc_entry_5561.jpg

Жамевю. Дежавю терминін естіген боларсыз. Ол адамның алғаш көріп тұрған оқиғасын бұрын бастан кешкен секілді күйді сезінуі. Психологияда дежавюге қарама қарсы термин де бар екен. Ол жамевю деп аталады. Яғни бұрыннан таныс оқиғамен алғаш рет бет-бет келіп тұрғандай сезімді бастан кешу. Психикалық феномен дежавюге қарағанда сирек кездеседі және ол үлкен күйзелістің бастамасы екен.  Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, жамевю терең психологиялық күйзелісті бастан кешіріп жүрген жандарда орын алады.

Жамевюді сезінгіңіз келсе, өзіңізге мына тәжірибені жасап көрсеңіз болады. Ғалымдар зерттеу барысында сынаққа қатысушы әр адамға "есік" сөзін 60 секунд ішінде 30 рет жазғызып көріпті. Содан, сынаққа қатысушылардың 68 пайызға жуығы «жамевю» белгісінің бел ортасынан табылып, "есік" сөзінің ақиқат өмірде бар сөз екеніне күмәнмен қарай бастаған.

maxresdefault.jpg

Прескевю. Бұл құбылыс "тілімнің ұшында тұр"деп аталады. Өте таныс сөздерді айта алмай, адам қатты қиын күйге түседі. Егер, заттың атауын ұмытып қалсаңыз соған қатысты бейнелерді есіңізге түсіріңіз. Атауларды бірден еске түсіру сізге қиынға түседі. Бұл құбылыс орын алғанда адамның көңіл-күйі күрт өзгеріп көңілсіздену байқалады. Жаныңыздағы серігіңізге ұқтыру қажет болса, күліп, қалжыңға балап түсіндірме сөздерді айтып ситуациядан шығып кетсеңіз болады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Сыраның (пивоның) денсаулыққа зияны және пайдасы жайлы білесіз бе?
Стендаль синдромына шалдықпадыңыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу