Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады

Oinet.kz 04-11-2023 2391

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойы аясында мекеме қабырғасында күрделі ота түрлері жасалды. Германия, Ресей және Қазақстанның жетекші ғылыми-медициналық орталықтары дәрігерлерінің  қатысуымен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Screenshot_2.jpg

Халықаралық деңгейде танылған білікті дәрігерлер түркістандық әріптестерімен бариатриялық және метаболизмдік хирургия, нейрохирургия, терапия және басқа да  бағыттары бойынша тәжірибе бөлісіп,  медицинадағы соңғы инновациялық әдістерді үйретті. Бұл туралы дәрігерлер брифингте айтты.

Баспасөз мәжілісіне Қазақстандық бариатриалық және метаболиалық хирургтер қоғамының президенті, медицина ғылымдарының докторы Орал Оспанов, Ресейдің академик Н.Бурденко атындағы нейрохирургиялық ғылыми зерттеу институтының қызметкері, медицина ғылымдарының докторы Андрей Ошоров арнайы қатысты. Профессорлар бұл жиынның маңыздылығына тоқталды.

– Бұл жерде басты ұстаным неурохириргилық бағыттың дамуы болып табылады. Сондықтан осы саладағы тәжірибемен бөлісетін боламыз. Бұл жерде сіздердің білікті мамандарыңыздан аларымызда бар. Тек хириргтар емес анестозолог асистент тіпті мейіргерлердіңде біліктілігі артады, – дейді ресейлік доктор Андрей Ошоров. 

Облыстық клиникалық ауруханада бірнеше күрделі ота жасалып жатыр. №2 операциялық бөлімде мамандар науқасты күрделі кезеңге дайындауда. 1963 жылғы пациентке өңештің жарығына лапороскопиялық операция жасалды. Ал отаның маңызды бөлігі – анестезиялық көмек үшін оның тереңдігін көрсететін жаңа технология қолданылады. Су жаңа құрал анестезиолог дәрігерге қажет респираторлық және гемодинамикалық көрсеткіштен хабар береді. Аппарат ауруханада алғаш рет қолданылып отыр. 

Облыстық клиникалық аурухананың 155 жылдық мерейтойы аясында 20-ға жуық ота жасалуда. Оның қатарында асқазан-ішек жолдары хирургиясы, урология, интервенция, гинекология және ортопедия салалары бар. Қазақстанның түкпір-түкіпіріндегі және шет елдердегі дәрігерлерге шеберлік сабақ барысы онлайн-трансляция арқылы көрсетілді. 

Еліміздің бірнеше қаласынан және алыс-жақын шет елдерден келген мамандар шеберлік сабағын өтіп қана қоймай, лекциялар оқыды. Сондай-ақ, өңірге арнайы келген білікті ақ халаттылар облыстың дәрігерлері мен медицина саласының студенттеріне бірнеше маңызды тақырыпта баяндама жасап, сауалдарына жауап берді.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы оңтүстік халқына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін өңірдің жетекші медициналық орталықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда аурухана құрамында 25 клиникалық бөлімше, 3 анестезиология және реанимация бөлімшесі, 4 консультациялық-диагностикалық емхана, 16 параклиникалық және көмекші бөлімше бар. Облыстық клиникалық ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін 800 төсек бар, оның ішінде терапевтік 425, хирургиялық 375.

Түркістан облысының бас трансплантолог-хируургы Жанболат Ділдабеков облыстық клиникалық ауруханасына басшы болып тағайындалған 2023 жылдың 5-ші қаңтарынан бастап  қазіргі уақытқа дейін ауруханада түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Төсек қорын оңтайландыру жүргізілді. МӘМС қатысуымен тиімсіз болып қалған ақылы бөлімшелер таратылып, олардың төсектері бейінді бөлімшелердің құрамына кірді. Сұранысқа ие бөлімшелер кеңейтілді. Нейроинсульт бөлімшесінде 6 нейрореанимация төсегі ашылды. Жалпы реанимация бөлімшесінде трансплантологияның дамуын ескере отырып, қосымша төсектер орналастырылған. Гинекология бөлімшесінің құрамында балалар гинекологиясының 2 төсегі (15-18 жастағы жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету үшін) орналастырылған. 

Screenshot_3.jpg

2023 жылдың шілдесінен бастап облыстық клиникалық ауруханасында асқазан-ішек жолдары және эндокриндік органдар хирургиясы бөлімшесі, хирургиялық инфекциялар бөлімшесі, нефрологиялық орталық, гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесі құрылды.

Биыл алғаш рет облыстық клиникалық ауруханасы базасында тұрақты негізде ағзаларды (бүйректерді) трансплантациялау операцияларын жүргізу басталды, бауыр трансплантациясы жоспарлануда. Осыған байланысты бірқатар мамандар (хирургтар, реаниматологтар, нефрологтар, функционалистер, орта медициналық қызметкерлер) А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында оқытылады.

Орындалатын күрделі, қымбат операциялардың саны жыл сайын артып келеді. Ауруханада жылына 15 мыңнан астам хирургиялық жедел араласулар жасалса, оның 4000 мыңнан астамы қымбат операциялар саналады. Жоғары технологиялық медициналық қызметтер 6 бейін бойынша 11 операция коды бойынша орындалады: нейрохирургия, кардиология, тамырлы хирургия, ортопедия, жалпы хирургия және урология.

Облыстық клиникалық ауруханасы өңірлендірудің үшінші деңгейіндегі ұйым бола отырып, жоғары қауіпті жүктілігі асқынған жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге стационарлық жағдайларда медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетеді. Сондай-ақ, облыстық клиникалық ауруханасы симптомдар басталған сәттен бастап «терапевтік терезе» шегінде жүйелі тромболиз және механикалық тромбоэкстракция мен тромбоаспирация түрінде арнайы терапия көрсете отырып, шұғыл инсульттік медициналық көмек көрсету үшін үшінші деңгейдегі стационар болып табылады. 

Облыстық клиникалық аурухана базасында екінші деңгейдегі Тері арқылы коронарлық араласу орталығы және кардиология бөлімшесі жұмыс істейді. Жүрекке ашық араласуды қажет ететін шұғыл жағдайлардың туындау қаупінің жоғары екендігін ескере отырып, кардиохирургия бөлімшесін өрістету жоспарлануда. Өйткені есепті деректерге сәйкес, Шымкент қалалық «Жүрек орталығында» ашық жүрекке операция жасалған пациенттердің 60 пайызын Түркістан облысының тұрғындары құрайды.

Әлімжеттік – әлсіздің ісі!
Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу