Термометр сынғанда не істеу керек?

Oinet.kz 01-08-2019 2041

kak-i-chem-sobrat-rtut-iz-razbitogo-gradusnika-12.jpg

Көрнекі сурет ашық дееккөзден алынды.

Дене қызуын өлшейтін сынап термометрі ауырғанда көмекке келгенімен, сынған жағдайда өзіңізге жау болуы мүмкін. Себебі оның ішінде адам денсаулығына аса қауіпті зат - сынап кездеседі. Стандартты термометрде 5 грамм сынап болады. Сол 5 граммның өзі адамды әбден әлсіретіп, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.  

Сынған термометрдегі сынап, әсіресе оның буы тамағыңызды алқымынан алады. Сондай-ақ тәбетті қашыртып, басты ауыртады,   ауыздан металлдың дәмі кетпей қояды,  сілекей шұбыра береді,  жүрек айнып, құсық келеді. Бұл белгілер сынаптан уланған адамда бірден пайда болмауы мүмкін. Бір апта, тіпті бір айдан кейін аталған белгілерді байқай бастасаңыз, дереу дәрігерге қаралған жөн.  Құрылғы сынған жағдайда  оны жалаңаш қолмен ұстамаңыз. Медициналық резеңке немесе целлофан киіп, шашыраған сынап бөліктерін кәдімгі скотчпен немесе суға малынған қағазбен жинау керек.  Қауіпті буды жұтып қоймас үшін, дәкені 1 қасық ас содасы қосылған стақан суға араластырып ауыз-мұрынға тағып алған жөн. 


Ара шаққаннан адам өле ме?
Рапунцельдің медицинаға не қатысы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу