Рапунцельдің медицинаға не қатысы бар?

Oinet.kz 01-08-2019 1097

Tangled-Full-Movie-Screencaps-tangled-21714476-1876-1080.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды. 

38 жастағы әйел дәрігерге жүрек айну және іштің өтуіне шағым айтып келеді. Тексере келе мамандар сырқатқа Рапунцель синдромы деген диагноз қояды. 

Ұзын шашты ертегі ханшайымы Рапунцельдің медицинаға не қатысы бар деп ойлайтын шығарсыз. Сирек кездесетін ауруда адам асқазанына шаш жиналып қалады. Әлгі шаштың ұшы ішекке өткенде іш қатты ауырады. Бұл трихофагиямен байланысты. Яғни психикалық күйзеліс кезінде адамдар, әсіресе қыз-келіншектер өз шаштарын өздері жейді екен. Осылайша өз шашымен «тамақтанып» жүрген әйелдің асқазанынан хирургтар 15 сантиметрлік, ал ішегінен ұзындығы 3-4 сантиметрлік шашты алып шыққан. 


Термометр сынғанда не істеу керек?
Неге етбетімен жатуға болмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу