Тұңғыш Нобель сыйлығын иемденген әйел туралы фильм

Oinet.kz 13-08-2019 1963

тунгыш фильм.jpg

Суретте Мария Кюри

Amazon Studios компаниясы StudioСanal арнасымен бірлесіп «Радиоактивтілік» аталатын фильм түсіріліміне кіріспек. Бұл туынды физика және химия ғылымдары бойынша екі мәрте Нобель сыйлығының лауреаты атанған Мария Кюри өмірбаянынан сыр шертеді. 

– Радиоактивтілік» ғылыми-романтикалық фильмінде Мария мен оның күйеуі Пьер Кюри арасындағы махаббат та көрініс табады. «Бұл фильм – ерекше әйелдің ерекше өмірбаяны. Ол радиоактивтіліктің ашылуы мен осы жаңалық ашылуының әлем тарихына тигізген әсері және цинизм жөнінде ой қозғайды,– дейді режиссер Сатрапи. 

Айта кетейік, Мария Кюри Сорбонна университетінің алғашқы әйел оқытушысы. Тарихтағы алғашқы Нобель сыйлығын иеленген әйел және Нобель премиясын екі рет алған тұңғыш нәзік жанды ғалым. Париж медицина академиясына мүше болған  тұңғыш әйел.  


Паркинсонның жаңа емі табылды
Адыраспанның қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу