Паркинсонның жаңа емі табылды

Oinet.kz 13-08-2019 1372

209521cce904356cb5470c660859bc2d.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды


Паркинсон – жүйке жүйесінің ең қауіпті әрі жұмбақ ауруларының бірі. Бұл ауруға шалдыққанда мидағы нейрондар қызметі бұзылады. Әдетте, бұл дерт 55 пен 65 жас аралығындағы адамдарда және көбіне ерлер арасында жиі кездеседі. Бірақ 30-40 жасында, тіпті 20 жасында Паркинсонға шалдыққан науқастар да жоқ емес. Өкінішке қарай, қазіргі медицина бұл аурудың неден пайда болатынын дөп басып, дәл анықтай алмай отыр.

Қатерлі ісікке қарсы және бөтен ағзаның сол ағзаға сіңісуіне көмектесетін иммунодепресантты рапамицин дейді. Препарат көбінесе бүйрек трансплантациясында жиі қолданылады. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап медицина саласында кеңінен қолданылып келеді. Дәрі Пасха аралында кездесетін құрамында қабынауға және қатерлі ісікке қарсы, сондай-ақ  иммунитетті көтеретін қасиетке ие бактериядан жасайды.  

Жақында ғалымдар рапамициннің Паркинсон мен Альцгеймер ауруларына да ем екенін анықтады.  Зерттеулер көрсеткендей препарат адам қартайған кезде ағзада пайда болатын гликопротейн және басқа да  ақуыздардан тазартады екен.  


Әжім неден пайда болады?
Тұңғыш Нобель сыйлығын иемденген әйел туралы фильм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу