Депрессиядан қалай шығамын?

Oinet.kz 19-08-2019 2187

94_main.jpg

Адам психологиясы өте қиын құбылыс. Дене мүшелері ауырғанда дәрі-дәрмекпен емдеуге келгенімен, осы бір жан дүниесі қиналғанда оған көмек берер өзі ғана. 

Депрессия дегеніміз не?

Депрессия (күйзеліс) – адам жан дүниесі иммунитетінің төмен болуынан туындайтын және өзінде белгілі бір симптомдарды қамтитын қауіпті деуге келетін ауру.

Көңілсіз, қуанышсыз күйде жүру;

Көңіл күйдің жиі түсіп кетуі;

Ангедония: ештеңенің қуантпауы;

Жақындарынан бойын алшақ ұстау;

Үнемі жалғыз қалу;

Есте сақтаудың нашарлап, ұмытшақтық пайда болуы;

Шешім қабылдай алмау;

Жиі ұрысу;

Зауқы болмау, секілді көптеген түрлері бар, алайда осындай жағдайдың бәріне адамды алып баратын өзі.

Әрине, біз санамызда депрессияны қайғылы жағдайдың салдары деп біліп алғанбыз, алайда мүлде олай емес. Кейде депрессия жоқ жерден туындап, сау адамды да мазалайтыны бар.

Депрессияға түскен адамды «өзіңді өзің қолға ал», «мұңайма» деген сөздер сауықтырмайды. Жалпы депрессияны дәрігердің көмегінсіз жеңу мүмкін де емес. Ал депрессияны оңай ауру деп қарайф тіпті жөнсіз.

Депрессиямен күресуге алдымен науқасқа антидепрессанттар жазылады. Дегенмен бұл дәріні психологтың нұсқауынсыз ішуге болмайды. Дұрыс таңдалмаған дәрі-дәрмек кері әсерін беретіндігі бәрімізге белгілі. Антидепрессанттар аурудың алғы симптомдарын ғана алады.

Ал ауруды енді қайтып келмейтіндей емдеу үшін науқас арнайы психотерапиядан өтуі керек. 

Ал қазақтың баяғы әдетінше «өтіп кетеді-ге» салу, өте қауіпті ем, ем деуге келсе. 

Сондықтан депрессияны уақытылы емдеп, көңілсіз әлемге жол бермеңіз.

Ақымақ адам мен ақылды адамды қалай ажыратамыз?
Президенттің өлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу