Тіс пастасына фторды не үшін қосады?

Oinet.kz 26-08-2019 1077

fakty-ftor-v-paste.jpg

ХХ ғасырдың бірінші жартысында америка тіс дәрігерлері кейбір штаттардағы адамдардың (мысалы, Арканзас) тістері қоңыр бедермен қапталғанын байқаған. Алайда ол аудандардағы тұрғындардың тіс жегісімен ауыруы сирек болған. Мұның барлығы ол штаттардағы ауыз су құрамында фторидтердің қалыпты жағдайдан жоғары болуынан екені анықталған. Зерттеулер нәтижесінде фтор аздаған мөлшерде сумен  ағзаға түссе, тіс тіндеріне еніп, бактерияға қарсы иммунитет қалыптастыратыны белгілі болған. Осы орайда тіс жегісінің алдын алу үшін ауыз суды фторлау туралы дисскуссия орын алып, соңында бұл профилактиканы аздаған мөлшердегі фторидтерді таблетка түрінде қабылдап не болмаса тіс пастасына қоса отырып орындау туралы шешім қабылданған.

Ішімдік – ағзаның бірінші «жауы»
Құлақ тазалаған дұрыс па, бұрыс па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу