Әлемдегі ең кішкентай мысық

Oinet.kz 21-10-2019 1998

Peebles_5.jpg

«Кішкентайында бәрі әдемі»… Таныс сөз бе? Ия, расында да кішкентайында бәрі де сүйкімді, бәрі де әдемі. Тіпті сол қалпында қала берсе дерсің… Алайда жануар болсын, адам болсын, өсе келе ерекше тартымдылығы азая бастайды. Ал егер сол қалпында кішкентай болып қалса ше?.. Айтпақшы, мысықты жақсы көруші ме едіңіз? Марғауы қандай сүйкімді ә? Мысығыңыздың кішкентай қалпында қалғанын қалар ма едіңіз? Ал мына мысықтың иесі олай армандамайды. Себебі оның арманы бәлкім орындалып та қойған болар…

Бойы 7 см, ал денесінің ұзындығы 15 см-ді құрайтын бұл ерекше мысықты марғау деп ойлайсыз ба? Жо-жоқ, бұл ересек мысықтың өлшемі. Және оның салмағы тіпті 1500 кг-ға да жетпейді.

Ол ерекше мысықтың аты Пибблз. АҚШ-тың Иллинойс штатында дүниеге келген бұл мысық иесіне онша ұнай қоймаған. Есесіне Донна Сассман есімді ветеринарға ұнаған соң оны ол өзіне алады. Ересек мысық деуге келмейтін жоғарыдағы өлшемге жеткен соң Пибблз өспей қалған. Оның себебі генетикалық ауытқушылықтан екені анықталған. Алайда мысықтың дені сау, ойнайды, жүгіреді.

Пибблз әлемдегі ең кішкентай мысық ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Әлемдегі ең ұзын баспалдақ
Әлемдегі ең тәтті жеміс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу