Улы Жаңа Жыл

Oinet.kz 22-10-2019 1759

Желтоқсан айының соңы жақындаған сайын шыршаларымызды дайындап, безендіріп, Жаңа Жыл мерекесіне дайындық жасау жыл сайынғы әдетімізге, тіпті дәстүрімізге айналған деуге де болады. Жаңа жылды қалай қарсы алсақ, бір жылымыз солай өтеді деп сенеміз. Сондықтан жас балаша жақсылықтар мен тосын сыйлар күтеміз. Алайда тосын сыйлар үнемі қуанта бермеуі де мүмкін екен...

Мысалы, Австралия тұрғыны Шерил үшін Жаңа жыл жақсылықтың орнына қауіп-қатерге толы болған. Мерекеге безендіріп қойған шыршасынан Шерил бейтаныс жылтырақ байқаған. Бірақ оның жылтырақ безендіргіш емес, жылан екенін білген ол еш саспай, қорықпай, алдымен суретке түсіріп, содан соң бетіне сүлгі жауып, жылан аулаушыға хабарласқан. 20 минут ішінде келген жылан аулаушы шыршаны да, шырша иесін де жыланнан құтқарып, «бейтаныс жылтырақты» өзімен алып кеткен.

Screenshot_2.jpg

Жылан аулаушы Барри Голдсмит бұл туралы өз фейсбук парақшасында жылан суретімен жариялап, Шерилдің дұрыс жасағаны туралы жазған. Себебі ол Австралиядағы ең қауіпті, ең улы жыландардың бірі екен. Егер Шерил қорқып, басқа әрекет жасағанда, Жаңа жыл мерекесін аман-есен қарсы алуы екіталай еді...

2000-2017 жылдары аралығында бес жасқа дейінгі 123 миллион бала қайтыс болды
Санта Клаус жайлы аңыз-әңгіме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу