Санта Клаус жайлы аңыз-әңгіме

Oinet.kz 22-10-2019 1193

Screenshot_17.jpg

Ілгері заманда Кіші Азия деп аталатын қазіргі Түркі жерінде Николас атты шіркеу қызметкері тұрыпты. Шамамен 255-257 жылдың тумасы ол ата-анасынан ерте айырылады, алайда, мол мұра иеленіп қалады. Енді керісінше, Кале қаласының маңындағы Ликий деген жерде бар мал-мүлкінен айырылып қалған 3 қызы бар кісі оған көрші болыпты. Ішерге асы сұйылған отбасындағы қыздарды күйеуге беретін уақыт жетеді. Бірақ, сол заманда тұрмысқы шығып, отбасы құру үшін қыздың жақсы жасауы болуы қажет екен. Амалы таусылған әке үлкен қызын күңдікке сатуға мәжбүр болады.

Мән-жайды түсіндіріп, үлкен қызына дайындала беруді айтады. Әрине, қыз түсінеді. Бірақ, амал нешік.., пеш жанына шұлығын жайып, ұйқыға жиналады. Кенет, таңертең тұрып, шұлығын алып жатқанда ішінен тиындар сыңғырлап шашылып түседі. Ортаншы қызына кезек келген түні де осы жағдай қайталанып, ол азапқа толы өмірден құтылады. Кезек кіші қызына таяғанда әкесі жақсылық жасап жүрген кім екенін білу үшін түнде ұйықтамай, қайырымды адамды аңдиды. Сөйтсе, бұл жомарт жан Николас болып шығады. Николас мұқтаж жандарға жасырын көмектесуін жалғастыра береді. Пенделерге құдайға құлай сенудің, көмекке зәру адамдарға қолұшын берудің жарқын үлгісін көрсетіп, халық есінде мәңгі сақталып қалады.

Осы кезден бастап көпшілік Николасты Санта Клаус, яғни, киелі Николас деп атап кетті. Балалар жыл сайын Жаңа жылды - Санта Клаусты асыға күтеді. Себебі, Жаңа жыл - сыйлық беру мен сыйлық алу уақыты. Санта Клаус әр елде түрліше аталады, мысалы: Ресейде Дед Мороз, Францияда Пэр Ноэль, Жапонияда Сегацусан десе, Қазақ Елі оны Аяз Ата деп атайды.

Анар Айтуар

дереккөз: Вaq.kz 

Улы Жаңа Жыл
Кәрі жіліктің киесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу