Сеулде өмір сүру үшін қанша қаражат керек?

Oinet.kz 01-11-2019 1758

Screenshot_10.jpg

Сеул – Оңтүстік Кореяның ғана емес, бүкіл Азияның қаржы және өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада және қала сыртында бірнеше мың кәсіпорын бар. Samsung  және Hyundai сияқты әлемдік корпорациялардың штаб-пәтерлері де осында орналасқан. Сеулдің жергілікті тұрғындары жұмысты өз уақытында бастап, өз уақытында аяқтайды. Жұмыс уақыты кешкі онға дейін. Жұмыстан соң шағын дәмханаларға барып тамақтанғанды жақсы көреді. 10 млн халқы бар Сеулдің көшелерінде адамдар өте көп. Бүгін біз сіздерді Сеулдің  тыныс-тіршілігімен таныстыратын боламыз.

Төменгі жалақы

Сағатына 8500 вон (2801.40тг)

Орташа жалақы

Айына 2 800 000 – 3 000 000 вон (926 289- 992 061 тг)

Жоғары жалақы

Айына 5 000 000 вон (1 654 044 тг)

Оңтүстік Корея 90 жылдың соңынан бастап шет елден келген конақтарды жақсы қарсы ала бастады. Кореяға ең алдымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері келіп, артынан кәсіпкерлер қоныс аударды. Осыдан бөлек өзге ұлт өкілдеріне корейлік университеттерге түсуге рұқсат етілді. Ал қазір стартаперлер үшін арнайы визалар пайда болды. Егер сенің бір идеяң болса оны ұсынып, визаның D котегориясын ала аласыз. Визаның бұл түрімен Кореяда өзіңіздің идеяңызбен жұмыс істеуге мүмкіндік берілген.

Кореяда азаматтық алуға да, сол жерде тұруға рұқсат алуға да болады, алайда ол қиындау. Тұруға рұқсат алу үшін Кореяның 5 жылдан бері тұрғыны болуыңыз керек және осы уақыт аралығында салық төлеуіңіз міндетті. Жалпы, Кореяда тұру үшін жыл сайынғы табыс саны 36 млн вон болу керек (11 911 431 тг). Немесе корей банкінде 71 млн вон (23 491 566 тг) қаражатыңыз болуы тиіс. Сол жерде тұруға рұқсат алғаннан кейін, азаматтыққа құжат тапсыра беруге болады. Бірақ кімде-кім сол елдің адамына өз еркімен үйленіп, тұрмыс құратын болса, бірден азаматтық ала алады.

Оңтүстік Корея экономикасының ең дамыған салалары – IT, маркетинг және туризм. Жалпы, бұл туризм үшін тамаша ел. Мұнда заманауи жоғары технологиялық қалалар да, теңіздер де, таулар да бар. Бұл жерде барлық инфақұрылым өте жақсы дамыған, сервисі де  жоғары деңгейде. Медициналық туризм де өте танымал. Адамдар күрделі ауруларды емдеу немесе пластикалық оталар үшін диагностикалық бағдарламаларға келеді.

Сеулдегі ең төменгі жалақы бір сағатқа 8500 вон (2801,40тг). Кореяда кеңседе отырып жұмыс істейтін адамдарға қарағанда, қара жұмысшылардың табысы жоғары. Орташа жалақы 2,8-3 млн вон (926 289- 992 061 тг). Ал, жоғары табыс 5 млн вон (1 654 044 тг). Кәріс  компанияларында ауырып қалған жағдайда демалыс берілмейді, тіпті декреттік демалыс та үш айдан артық созылмайды.

Жақында Кореяда компания жұмысшыларына бір аптада 52 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды деген жаңа заң қабылданды. Кәріс компанияларында жылдық еңбек демалысы бес күннен он бес күнге дейін. Әрине, оның өзі компания басшыларына байланысты.

Hyundai, Samsung немесе Lotte  сияқты кореялық ірі компанияларға жұмысқа кіру үшін, бірнеше кезеңнен тұратын емтихан  тапсырады.  Бірінші кезеңінің өзіне 300-ден аса үміткер қатысады. Бұндай ірі компанияға шет елдің тілдерін білетін, жақсы жоғары оқуды бітірген адамдар ғана жұмысқа алынады. Ірі компанияға жұмысқа кірген адамдар, бұл жерде өмір бақи қалғысы келеді. Себебі, мемелкеттік қызметке тұру өте қиын. Сондай-ақ бұл елде үкімет жастарды және жас кәсіпкерлерді қолдайды.

Қымбат емес пәтерді жалға алу бағасы – 450 мың воннан басталады (148 596 тг) және 6 млн вон (198 534 тг) депозит төлеу керек.  Бір айлық төлемнен және депозиттен бөлек есептеледі. Мұнда тұрғын үйді жалға алудың тағы бір ерекше түрі бар. Ай сайын төлемдерді төлеу қажет емес, бірақ үлкен соммада депозит қалдыру керек. Ол 95 млн вон болуы мүмкін. Мұндай келісім-шарт екі жылға жалғасады. Жалға беруші депозит бағасын енгізіп, жалға алушылар белгілі бір жылға дейін ай сайын пәтердің ақшасын төлемейді. Тек коммуналдық қызметтердің ғана ақшасын төлейді. Пәтерден көшер кезде қалған сомманы қайтарып алады.

Кореяда ешкім өзіне тұрғын үй сатып алуды ойламайды, себебі көп қабатты үйлердің өмір сүру уақыты 25-30 жыл.

Бір адамның апталық тамағы – 80 мың вон (26 187тг).

Бір адамның апталық тағамы шамамен 80 мың вон (26 187 тг). Бұл соммаға балықтың түрлері, көкөністер, жеміс-жидектер, тәттілер мен ірімшіктер кіреді. Сеулде 1 кг көкөністің бағасы – 3 500 вон (1 157 тг), жеміс-жидектердің – бағасы 3 500 воннан басталады (1 500тг), жаңғақтар – 5 900 вон (1 948 тг).  Жұмыртқаның он данасы шамамен 6 000 вонға (1 900тг) шығады.

Бұл қалада балықтың бағасы аса қымбат емес – 1 800 воннан (600тг) басталады. Бірнеше жыл бұрын Сеулде қарақұмықты, күрішті, сұлыны, жақсы ірімшікті, тәтті майды, авакадоны табу өте қиын болатын. Қазіргі таңда жергілікті дүкендерде барлығы бар. Кореяда  тұрғындардың өмірін жеңілдету үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Мысалы, тапсырысты үйге дейін жеткізіп береді, ірі маркеттердің кассалары дүкеншісіз жұмыс істйді. Тіпті, қазір бұны кішкентай дүкендерге де орнатып жатыр. Сонымен қатар, дүкеннен өзіңізге керек дүниелерді таңдап, ақшасын төлеп кетсеңіз, тауарды сіздің үйіңізге өздері жеткізіп береді.

Кәрістерде маңызды келіссөздер мен кездесулер тамақтану үстінде өтеді. Сәлемдескеннен кейін, «тамақтандыңыз ба?» деп міндетті түрде сұрайды. Алайда кәріс тағамдарының дайындалу тәсілдері қиын болғандықтан, жастар даладан тамақтанғанды жөн көреді. Сеулде жершілікті қарапайым кафеден тамақтану 10-15 мың вон (3-4 мың тг.) тұрады. Ал жылдам әзірленетін түскі ас шамамен 6 мың вон (2 000 тг). Кофені 4 мың вонға (1 000 тг) ішуге болады.

Метроның бағасы – 1 350 вон (450 тг) жоғары.

Таксидің бағасы – 3 300 вон (1000 тг) жоғары.

Ірі қалаларда, соның ішінде Сеулде, жеке көлікпен жүргенге қарағанда, қоғамдық көлікпен жүрген ынғайлы, әрі арзан. Қоғамдық көлікпен жүру арқылы уақытыңды үнемдейсің. Себебі автобустардың жүретін бөлек жолы бар. Метро арқылы Сеулден тыс жерлерге шығуға болады. Басқа қалаларға бару үшін жүрдек поездар бар.

Метроның бағасы қашықтыққа байланысты, бірақ  билеттің бағасы шамамен 1 350 воннан (450тг) басталады. Сонымен қатар 500 вонға (160тг) кері қайту билетін сатып алуға болады. Қала ішінде таксимен жүру бағасы 3 300 вон (1 000тг) басталады, бұл тек екі киллометрдің бағасы, әр 100 метр сайын баға көтеріле береді.

Қала ішінде велосипедпен жүру аса ыңғайлы емес, бірақ жыл сайын оны жақсартып жатыр. Сеулде өзінің немесе жалға алынған велосипед айдап жүрген адамды жиі кездестіруге болады. Қауіпсіздікке тек шетелдіктер аса мән береді. Соңғы кездері электронды самокаттар да көбейіп келеді. Қалада самокаттар мен велосипедті жалға алу бағасы сағатына 1 800 вон (600тг) тұрады. Ал көлікті жалға алу 2 300 воннан (750тг) басталады.

Барға бару үшін – 35 мың вон (12 000 тг)

Киноға кіру билеті –12 мың вон (4 000 тг)

Осыдан он жыл бұрын кәрістер мүлдем демалуды білмеген. Бүгінде олар саяхаттағанды, мейрамханаларға барғанды ұнатады. Facebook арқылы олар өздеріне тез арада көңіл көтеруге достар тауып алады. Күн жылы кездерде Хан жайығының жағасында адамдар шатыр тігіп, сол жерде демалады.  Бұл жерде пәтерлер тар болғандықтан, адамдар уақытының көп бөлігін далада өткізгенді жақсы көреді.

Сеулде көңіл көтеру орталықтарына бару үшін шамамен 35 мың вон (12 000 тг) кетеді. Бұл соммаға ішімдіктер де кіреді. Екі адам үшін кешкі ас 83 мың вонға (27 000 тг) шығады. Кинотеатрларға 12 мың вонға (4 000 тг) баруға болады. Мұражай – 1 100 вон (360тг), мейрам күндері тегін. Сеулде шет елдердің көрмелері жиі болып тұрады.

Қалада қоғамдық кеңістіктер, саябақтар өте көп. Сонымен қатар Сеулде қала шетіндегі тауларды көруге болады. Таза ауада демалысқа шығу – қала тұрғындарының сүйікті ісі, тауға кез келген жастағы адамдар шығады. Таза ауада демалысқа шығу бұл қалада өте жақсы дамыған. Тауға көтерілер жолда тегін су бар. Ал, таудың басына  шыққанда дәмханалар мен сусындар сататын дүкендерді кездестіруге болады.

дереккөз: balbal.kz

Дайындаған: Орынғали Дидар

Психологиялық тест: Бойыңыздағы ерекшелік қандай?
Психологиялық тест: Кімге көмектесер едіңіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу