Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

Oinet.kz 10-11-2021

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында Республикалық бюджет бойынша 40 млрд теңге игерілмей қалғанын жеткізді.

image.png

Министрдің сөзінше, мемлекеттік бюджет шығыстары 98, пайызға, республикалық бюджет шығыстары – 99,6 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98 пайызға атқарылған. Республикалық бюджет бойынша шығыстар 12 трлн теңгені құрағаны белгілі болды. 

- Мұнда 50 млрд теңге жұмсалмады, оның ішінде 10 млрд теңге үнемделген және 40 млрд теңге игерілмей қалған, - деді Жамаубаев. 

Ол игерілмеудің анағұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ішкі істер және қаржы министрліктерінде байқалғанын сөз етті. 

Игерілмеудің негізгі себептері: 

- төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, 

- шот-фактуралар, 

- орындалған жұмыс актілері уақытылы ұсынылмаған, 

- қазынашылық органдарына төлем шоттары кеш ұсынылған және конкурстық рәсімдер ұзақ өткізілген. 

- Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,7 трлн теңгені құрады, онда 134 млрд теңгеге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашаға оларға 1 трлн 813 млрд теңге бөлінген. Оның 96,6 пайызы игерілді. 62 млрд теңге атқарылмады, оның ішінде 6 млрд теңге үнемделіп, 56 млрд теңгесі игерілмей қалған. Ең көп игерілмеу Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелген, - деді қаржы министрі. 

Медиация-маңызды іс
Ерке Есмахан: «Шешінбей-ақ шок қыламын» (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×