Катарда жасанды аралға салынған 45 мың адамдық стадион

Oinet.kz 06-11-2019 916

Screenshot_3.jpg

Катар астанасы Доха қаласында 2022 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатына орай жасанды аралда салынған жаңа стадион. Оған 45 000 адам сияды.

Жалпы, әлем біріншілігінің финалдық кезең ойындары алғаш рет жасанды аралдағы стадионда өткелі тұр. Бұл стадионның ішінде бірқалыпты 26 градус жылы температура сақталады.

Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты сенсацияларға толы болмақ. Мұнда бүкіл ойын бір қалада өтеді. Ол ел астанасы Доха қаласы. Сол үшін Дохада қазір 11 стадионның құрылысы жүруде.

Бұл стадионның барлығы кондиционермен жұмыс істейді. Ал, мына жасанды аралға соғылған стадионға чемпионат біткеннен кейін демонтаж жасалады екен. Яғни, ол сүріліп тасталады...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Солтүстік полюсті ең алғаш ашқан кімдер?
Адольф Гитлер неге Эйфель мұнарасының басына шыға алмады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу