Диана ханшайымды кім өлтірді?

Oinet.kz 06-11-2019 1246

Диана ханшайым 1997 жылы Ағылшын арнайы қызметінің ұйымдастыруымен Париждегі тоннельдің бірінде жол апатынан небары 36 жасында қаза тапты.

Алайда, бұл қылмысты Ұлыбритания билігі арада қанша жыл өтсе де еш мойындамайды. Істің нақты жауабы он жыл салып, 2007 жылы берілді. Онда ресми түрде апат ханшайым мінген Мерседес-280 автокөлігінің жүргізушісі Анри Польдің көлікті мас күйінде жүргізгендігінен орын алды делінген.

Диана ханшайым.jpg

Париждегі жол апатынан Диана ханшайымның көлік жүргізушісі Анри Поль мен оның қасында болған ғашығы Египет миллиардерінің баласы Доди Аль- Файэд те мерт болды. Ия, арнайы қызметпен бұл қылмыстың ұйымдастырылуы да осы Диана ханшайым мен Доди Аль- Файед арасындағы махаббатқа байланысты еді. Ханзада мен ажырасқан Диана ханшайымның Доди Ал- Файедпен кездесіп жүруі сол кезде әлемдік БАҚ- та біраз сыналған болатын.

Оның басты себебі Ұлыбритания 16- шы ғасырдан бері Британ империясы болып құрылып, оны монархиялық жүйеде ханзадалар мен ханшайымдар басқарып келеді. Ал, Диана ханшайым да осы текті әулиеттің келіні болатын. Ал, оның кейін ажырасып, Доди Аль- Файедпен жүріп кетуі патша әулеті үшін үлкен кемшілік болды. Себебі, Аль- Фейед мұсылман. Ертең одан туған бала да мұсылман болады. Тіпті, сол кезде Диана ханшайым Доди Аль- Файедтен аяғы ауыр деп айтылды. Ал, Ұлыбританияның патшайым әулиетіне мұсылманнан туған бала мүлдем қажет емес еді...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жерді тесіп шығу операциясы неге тоқтатылды?
Елизавета II Ұлыбританияда отырып Австралия, Канада, Жаңа Зеландияны басқарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу