«Әулие Елена» аралы туралы қызықты деректер

Oinet.kz 06-11-2019 6077

Әулие Елена аралы.jpg

Атлант мұхитында "Әулие Елена" деген арал бар. Бұл Африка құрлығынан 1800 шақырым оңтүстік- батысқа қарай мұхиттың қақ ортасында орналасқан. Аралды 1502 жылы Жуана де Нова атты Португал теңіз зерттеушісі Үндістаннан қайтар жолда ашып, сол күні Еуропада "Әулие Елена" күні аталып өтіп жатқандықтан арал да "Әулие Елена" аталып кеткен.

Кейіннен "Әулие Елена" аралы жұртшылыққа жақсы таныс болды. Өйткені, Ағылшындар атақты Наполеон Бонапартты осы аралға жер аударған. Себебі, онда ешкім бара алмайтын. Оның материкке ең жақын нүктесі 1800 шақырымнан асады. Өмірінің соңғы жылдарында аралда өмір сүрген Наполеон Бонапарт 1821 жылы сонда көз жұмды.

Бүгінде "Әулие Елена" аралында Наполеон тұрған үй бар. Бір қызығы арал Ағылшындардың иелігінде болғанымен, Наполеон тұрған үй мен оның ауласы Францияға тиесілі. Алғашында, Наполеон сол аралда жерленгенімен, 20 жылдан кейін Француздар оның сүйегін Парижге әкеп қайта жерледі.

"Әулие Елена" аралында 4600 адам тұрады. Олар Ағылшындар мен Португалдардың ұрпақтары. Аралдың өз астанасы да бар. Ол Джеймстаун қаласы. Алайда, аралдың заң шығарушы немесе орындаушы органдары жоқ. Тек, аралға жылына Ұлыбританиядан бір сот пен бір прокурор келіп, жыл бойы жиналған қылмыстық істерді қарап кетеді. Ал, сол кезде сотталғандар, жазасын өтеу үшін Лондонға жөнелтіледі екен...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Елизавета II Ұлыбританияда отырып Австралия, Канада, Жаңа Зеландияны басқарады
Планеталар шеруі туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу