Планеталар шеруі туралы қызықты деректер

Планеталар шеруі.jpg

Чилидегі Параналь обсерваториясынан таңға жуық түсірілген сурет. 2011 жыл

Одан Айдың оң жағында төрт бірдей планетаның қатар тұрғанын бірден байқауға болады. Бұл ондаған жылда бір келетін "Планеталар шеруі" кезінде Меркурий, Шолпан, Юпитер мен Марс ғаламшарларының бір сызықтың бойына жинақталған кезі еді.

Жалпы, "Планеталар шеруі" дегеніміз Күнге қарама- қарсы беттегі бір ендіктің бойына барлық планетаның тізіліп тұруы.

Бұл кезде аспан денелері бір- біріне барынша жақындайды.

2011 жылы Солтүстік жарты шардан көрінген шеруді кіші шеру деп атайды.

Ал, үлкен шеруде барлық тоғыз планета қатар тұрады екен. Алайда, ол соңғы рет 1982 жылы байқалды. Сол кезде тоғыз планета түгелімен Күнге қарсы бетте бір сызыққа жиналған болатын. Енді, Астрономдар мұндай үлкен планеталар шеруін 2022 жылы болады деп күтіп отыр.

"Планеталар шеруі" ғарыш қондырғыларын ұшыру үшін де өте тиімді. Себебі, олар бір сызық бойына түскенде жерден ұшатын планетааралық стансалар қазіргіге қарағанда тез жетеді екен.

Сондықтан, қазір "NASA" ғалымдары Марсқа кезекті спутникті 2022 жылғы планеталар шеруі кезінде ұшырмақшы...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң жүзінде неке қандай жағдайда бұзылады?
  • Мадагаскардағы тас орман
  • «Толқын» құшағында
  • Мәйіт күлін тастайтын өзен
  • Қайнап жататын көл
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика