Дартс құмар ойын ба?

Oinet.kz 19-11-2019 1375

Дартс ойыны.jpg

Дартс ойынын сонау ортағасырда ағылшын садақшылары ойлап тапқан көрінеді. Бертін келе дартс Британияның әрбір сыраханасында ілініп тұрды. Сыраханаларда садақты нысанаға дөп тигізуге құмартушылардың саны күннен күнге арта берді. XX ғасырдың басында Англияда дартсты ойнауға тыйым салынды. Себебі ол құмар ойындардың қатарына жатқызылған еді. Заң күшіне енгеннен кейін Лидс қаласының тұрғыны Джим Гэрсайд жергілікті шенеуніктерге дартстың құмар ойын емес нағыз спорт екенін дәлелдеді.   1927 жылы Лондонда дартс ойыны бойынша алғашқы турнир өткізілді. Айтпақшы, дартстың нысанасы әлемдегі ең берік ағаш агавадан жасалады. Агава Қытай мен Кенияда өсетіндіктен дартс та аталмыш елдерде жасалып шығады. 

Қыпша белді Юнг
Хрущев жүгеріні Америкадан «ұрлаған»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу