Какапо - «қанатсыз» құс

Oinet.kz 19-11-2019 1481

Какапо құсы.jpg

Какапо – әлемдегі жалғыз  ұша алмайтын тотықұс. Жаңа Зеландияны мекендейтін құс күндіз жартастарда тығылып жатады да, түнде азық іздеуге шығады. Ол жеміс-жидектермен ғана қоректенеді. Ғалымдар какапоның ұша алмау себебі аяғы, құйрығы мен қанатының тым кішкентайлығымен байланыстырады. Сары-жасыл түсті құс маори халқының тарихында, аңыздарында көп айтылған. Оның етін жергілікті тұрғындар деликатес ретінде қолданады. Сондықтан ол аңшылардың мылтығына тез ілігеді. Соның салдарынан  какапоның бүгінде  125 түрі сақталып қалды. 2009 жылдан бастап тотықұс ерекше қорғауға алынған. 

Әлемдегі ең ұзақ сериал
Швециялық оқушыларда арман жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу