Алғашқы тущь күйеден жасалған

Oinet.kz 19-11-2019 880

Опа-далап.jpg

Әйелдер жиі қолданатын косметиканің бірі сүрмені (тущь) ең алғаш рет 1913 жылы 19 жасар студент, жас химик  Томас Уиллиамс ойлап тапқан.  Томастың әпкесі Мэйбелль ұнатқан жігітіне кездесуге баруы тиіс болған. Жігіттің жүрегін бір көргеннен жаулап алуға көмектескісі келген інісі   вазелин мен күйені араластырып әпкесінің кірпігі мен қасына жағып береді. Нәтижесінде бойжеткеннің кірпігі ұзарып, ажарын аша түседі.  Осылайша  нарықта Мэйбелльдің құрметіне қойылған Мэйбеллин сүрмесі  пайда болды.  Бүгінде "Maybelline New York"  компаниясы  косметика әлемінде №1 бренд болып табылады. Өнімдері дүние жүзінің 90-нан астам елдеріне тарайды. 

Әлемдегі ең ғажайып субұрқақ
Құмырсқада да у болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу