Әлемді жаулаған колорадо қоңызы

Oinet.kz 19-11-2019 1737

Картоптың жауы колорадо қоңызын ең алғаш рет американдық энтомолог Томас Сэйем 1824 жылы тапқан. 1859 жылы қоңыз Колорадо штатындағы картоп егістігін түгелімен жеп қойған болатын. Жәндіктің атауы міне, осыдан кейін пайда болды. Жиырма жылдың ішінде қоңыз Американың барлық аймақтарына тарап, шаруалар тіпті, картоп егуді қойды. Ал XX ғасырдың басында қызыл ала қоңыз бүкіл жер бетін жаулап алды. 

Колорадо қоңызы.jpg

Ғалымдар одан құтылудың тиімді әдісін таба алмады. Чехославакияда тіпті, картоптың жауына қарсы комитет те ашылған. Диқандар қоңызды қолмен теруге мәжбүр болды. Егістік алқабына диқандардан бөлек оқушылар, түрлі жұмысшылар мен әскер де көмекке тартылды. Ең мықты «күресшілер» Ауылшаруашылығы министрілігінің өзінен марапат алып отырған. Үш жылға дейін өмір сүретін қоңыздан шарулар бертін келе құтыла бастады. Түрлі химикаттардың пайда болуы картоп егістіктерін сақтап қалды. 

Қарғыс атқан фильмдер
Хоккейшілер неге сақалды келеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу