Орындықтан табылған қазына

Oinet.kz 19-11-2019 799

Орындықтан қазына іздеп, жарты әлемді шарлаған «12 үстел» комедиясының кейіпкерлері естеріңізде болар. Мұндай жағдай шынайы өмірде де кездеседі екен. Англиядағы қарапайым Браундар отбасының жолы болғыш екен. Отағасы бірде базардан ескілеу орындықты 5 фунтқа сатып алады. Біраз қолданған соң көне жиһаз керексіз болып шатырға шығарылған. Үйдің төбесінде әлгі  үстел шаң басып бірнеше жыл жатқан. Кейіннен Ангус Браун жарамсыз жиһазға жаңа келбет беру үшін шатырдан алып түседі де, сынықтарын жөндеп, қаптауға кіріседі. 

Қазына.jpg

Кенет... Азамат өз көзіне өзі сенбеді. Орындықтың ішінен қымбат әшекей бұйымдарын тауып алады. Бұл құпияны отбасынан жасырып қалған күйеуі біраз уақыттан кейін әйеліне бриллиант жүзікті сыйға тартады. Тағы бірнеше айдан кейін қымбат тастарға толы алқаны береді. Сосын сырға, брошь. Жарының кенеттен байып кеткеніне таңқалған әйелі кейіненнен шындықты біледі. Эксперттер олардың қазынасын 5000 фунт стерлингке бағалады. Басқа қонған бақ деп осыны айт! 

Балықтың асқазанынан қайта тіріліп шыққан адам
Бадминтон қандай ойын?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу