Робот-дәрігер лицензия алды

Oinet.kz 29-11-2019 1153

Техниканың дамуы барған сайын жылдамдап, тіпті өзінің шегінен асып бара жатқандай. Енді бірер жылдардан кейін дәрігер-роботтар қолданысқа енуі мүмкін. 

Screenshot_20.jpg

Таңқаларлық жайт,  Қытайда дәрігер-роботқа ресми лицензия берілді.  «iFlyTek» компаниясы «ИИ» роботын жасап шығуға төрт жыл уақытын сарп етіпті. Кезекті сынақ кезінде робот дәрігерлер тапсыруы тиіс емтиханнан сүрінбей өткен. Тіпті нәтиже күткендегіден де асып түскен. Бұл көрсеткіш туралы компания басшылығы мақтанышпен былай дейді:  «Біз мұны бұрыннан жасап келеміз. Біздің робот өз еркімен сынақтарымызға жауап берді. Ол емтиханның барлық сұрақтарынан сүрінбей өтті. Ол шынайы дәрігерлердің орнын басатын болады».  Жақын арада робот-дәрігер тәжірибеге шығып, өзінің алғашқы жұмысын бастайтын болады. Дәрігерлердің орнын роботтардың алмастыруы енді ертегі емес. 

Отыз үш жылда бір рет болып тұратын құбылыс
Қанша уақыт жаяу жүру керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу