Мүлдем ұйықтамай ең ұзақ шыдаған адам кім?

Oinet.kz 14-12-2019 1983

Ұйқысыздық жөнінен жарыс өткізуге әйгілі Гиннес рекордтар кітабының ұйымдастырушылары әу бастан қарсылық танытқан.  Олардың пікірінше, рекорд орнатамын деп адамдар денсаулығына қатер төндіріп алуы бек мүмкін. Әйткенмен, ресми түрде ұйқысыздықтың рекордтары тіркелгені белгілі. 

Screenshot_30.jpg

Сонау 1965 жылы американдық Рэнди Гарднер атты оқушы рекорд жасаймын деп қатарынан 11 күн бойы ұйықтамай шықты. Бастапқыда жасөспірім шаршауды сезсе, бірнеше күннен кейін түрлі галлюцинациялар елестей бастады. Түптің түбінде ол дұрыстап ойлау мен сөйлеуден де қалды. Ең қарапайым тапсырмаларды орындауға да шамасы жетпеді. Әйтеуір, тәжірибе тоқтаған соң бозбала бұрынғы қалпына келе алды. 

Осыдан  он жыл бұрын бұл  рекордты британдық Тони Райт есімді адам қайталап, 11 тәулік бойы көз ілмеген.  Осы уақыт бойы Тони бейнекамералардың бақылауында болған. 

2010 жылы американдық Тайлер Шилдс одан да асып түсті. Лос-Анджелес қаласының тұрғыны 40 күн бойы ұйықтамағанын алға тартты. Бұл рекордты тіркеу үшін арнайы команда тәулігіне 24 сағат бойы бақылап отырған. Шилдс 968 сағат  ұйықтамағанына қарамастан, Гиннес рекордтар кітабының өкілдері оны тіркеуден бас тартты. Ұйқысыздық марафонының барысында Шилдстің дене қызуы көтерілген, басы ауырып, тіпті аяғын да сезбей қалған. Ең қызығы, тәжірибе аяқталған соң американдық азамат әрең ұйқыға кеткен. 6 сағаттан кейін оянғанында 15 минут бойы шалбарын кие алмай әлек болған. Бұдан кейін бірнеше күн мас адамдай сенделіп жүріпті. 

Әлемдегі ең біртүрлі мамандықтар
Ешақашан ұйықтамайтын адамдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу