Тіс қайрау ауру ма, әлде әдет пе?

Oinet.kz 30-04-2019 3007

Мамандар ұйқы үстінде тіс қайрау үлкен мидағы бір бөлім жүйкенің қалыпсыздығынан, нәзік жүйке талшықтарының шаршауынан туындайтындығын айтады. Ұйқы үстіндегі тіс қайрау мен күндізгі еріксіз тіс қайрау бірте-бірте ауырлап, қалыпты жағдайға айналып отырады. Мұны созылмалы дерт деп айтуға әбден болады.  Түнде тіс қайрау адамның  өзіне сезілмегенімен, айналасындағы адамдардың жүйкесіне қатты әсер етеді. Күндізгі тіс қайрау. Бұл әдетте өзі де абайламаған жағдайда қатты тістене қалатын жағдай. Бұл кезде тіс қайраған секілді дыбыс та білінбейді. Бірақ, бұл да тіс қайраудың бір түріне жатады. 

тіс қайрау.jpg

Жүйке жүйесінің аса сезімталдығы, психологиялық шаршау, көңіл-күйдің құлдырауы, ашулану, назалану; асқазан-ішек жолы ауруларынан; қалыптан тыс шаршаудан; қалыпсыз тұрмыс әдетінен; денедегі кейбір дәрумендердің кемшін болудан; әдетке айналып кеткендіктен, қалыпты құбылыс. Бұлардың бәрі бірте-бірте тіс қайраудан бастап ауыр дертке шалдықтыруы әбден мүмкін.  Сол үшін де бұл әдеттен арылуға асыққан жөн. 

Тіс қайраудың қарапайым емдік жолдар бар. Біріншісі психологиялық емделу. Бұл енді өзіңізді қалай ұстаудан басталады. Күнделікті жұмысты қалыпты орналастыру, қалыптан тыс шаршамау, үлкен мидың шаршауынан сақтану, ұйықтар алдында аса күрделі ой-қиялға берілмеу, азықтық қуаты жоғары тағамдарды ғана тұтыну, темекі тартудан сақтану, ұйықтар алдындағы жатын бөлмесінің ауасын тазарту .Ұйқыдағы кезде тіс қайраған адамды оятып жіберу де өнімді тәсіл. Бұлай болғанда үздіксіз тіс қайрау барысында қалыпсыздыққа еніп бара жатқан жүйке жүйесін де оятуға болады.

Бұдан өзге ең өнімді тәсіл мамандардан кеңес сұрап, дәрі-дәрмектерді тұтыну. Қазір осы салада жұмыс жасайтын дәрігерлер де жетерлік.

Аңызға айналған иттер
Ащы шоколадты жақсы көруге 5 себеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу