Алтынай Жорабаева ұсынған маскалар

Oinet.kz 30-03-2019 1775

Төрт қыздың анасы, сахнаға әрдайым жарқырап шығатын әнші Алтынай Жорабаева қыз-келіншектермен өзінің сұлулық құпиясымен бөліспек. Ендеше Алтынайдың әдісі бойынша  шаш және бет күтіміне арналған маскаларды дайындап көрейік: 

Алтынай Жолдыбаева.jpg

 --Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар. Қазір экологияға байланысты кез келген жанның шашы түседі. Мен ұсынып отырған маска арқылы шаштың түсуін толықтай болмаса да, бәсеңдетуге болады. Сонымен қатар бұл әдісті күнделікті қолданатын болсаңыз, ағарған шашыңыз қарайып, қалыңдайды. Жансызданып, нәрін жоғалтқан шаш қайта нәрленіп, жылтырайды. Бұл іс жүзінде дәлелденген және көптеген қыз-келіншектер оның пайдасын анық байқаған. 

Маскаға қажетті заттар:Бір шөлмек арақ, бір бас сарымсақ, 3 дана қызыл бұрыш.

Дайындау тәсілі: Қабығы аршылған сарымсақ пен қызыл бұрышты майдалап турайсыз. Арақты шыны ыдысқа құйып, туралған сарымсақ пен қызыл бұрышты салып, араластырасыз. Кейін оны күн сәулесі түспейтін қараңғы жерге 21 күнге немесе 1 айға қоясыз. Осы уақыт аралығында тұнбаны араластырып тұруды ұмытпаған жөн. 

Пайдалану әдісі: Қолмен немесе дәріханаларда сатылатын арнайы құралмен (груша) шаштың түбіне дейін жағып, 30 минут бойы шашқа массаж жасайсыз. Бұл уақыт аралығында бас терісі ашуы мүмкін, бірақ шыдауға болады. Тек есіңізде болсын, дайын болған маска жанарыңызға тамып кетпеуі тиіс. Кейін шашыңызды өзіңіз қолданып жүрген сусабын және бальзаммен жуыңыз. Шашты жақсылап жуу керек.

           Бет терісін күту жолдары

Қазіргі таңда бет терісін күту үшін құлпынайдан жасалған масканы қолдану кеңінен тараған. Бірақ, көбіне-көп масканың бұл түрі барлық адамға бірдей жағады деп айта алмаймын. Мен айраннан немесе қаймақтан және қиярдан жасалған масканы тұрақты түрде қолданамын. 

Дайындау тәсілі: Қиярды еттарқыштан  өткізіп аласыз. Кейін оны бетке жағып, 20 минуттан соң бетіңізді жуып тастайсыз. Еттартқыштан өткізілген қияр сұйықтала түсетіндіктен бұл масканы моншаға барғанда жасау ыңғайлы. Ал құрғақ теріге ақжелкеннен дайындалатын масканы да байқап көріңіз. Ол үшін сізге айран немесе дүкендегі қаймақ, ақжелкен (петрушка) және су қажет.  

Қолдану әдісі: Аскөкті еттарқыштан  немесе кофетартқыштан өткізесіз. Оны қаймақ немесе айранға араластырып, таза бет терісіне жағасыз. Кейін маска әбден кепкен соң бетіңізді жуасыз. Ерекше атап өтерлігі, еттарқыш немесе кофетартқыштан өткізілген ақжелкен көлемі ірілеу болғандықтан қимылсыз жатуға тура келеді. Себебі ол кепкенше ақжелкен түсіп қалуы мүмкін. Дұрысы - ақжелкенді кептіріп болған соң ұсақтап турап, ұнтаққа айналғаннан кейін айран немесе қаймақпен араластыру. Ол кәдімгі крем сияқты болғандықтан арнайы кистпен теріңізге біркелкі етіп жағып шығыңыз. Бұл кезде үйдің өзге шаруаларымен айналыса беруіңізге болады. Масканың бұл түрін аптасына 2-3 рет жасаңыз. 

Ақжелкен маскасының тағы бір дайындау тәсілі мынадай: Ақжелкенді еттартқыштан өткізіп, оған кішкене су араластырасыз. Тоңазытқыштың мұз дайындауға арналған ыдысына салып, мұздатқышына қоясыз. Таңертең ұйқыдан оянған соң бетіңізді жумай тұрып әлгі мұзбен бет терісін сүртіп шығасыз. Теріге сіңіп, кепкен соң бетіңізді жуасыз. Масканың бұл түрін күн сайын жасап тұрған абзал. 

Жоғарыда ұсынып отырған кеңестерім арқылы бет теріңіз ылғалданып, терінің құрғауынан сақтайды. Сондай-ақ, бет терісіндегі қара дақтар мен сепкілдерден арылуға үлкен көмегін тигізеді. Қысқасы, бұл маскаларды тұрақты түрде қолдансаңыз, жүзіңіз әрлене әрі ажарлана түсері анық. Тек есіңізде болсын, бет терісіне арналған кез келген масканы таза теріге жасаған дұрыс. Яғни, моншадан шыққан соң немесе дене жаттығуларын жасағаннан кейін термен бірге тері клеткалары ашылған тұста қолданыңыз. Сол кезде өзіңіз күткен нәтижеге оңай қол жеткізесіз. 

«Қара шаңырақ» фильмі жайлы не білеміз?
Психологиялық тест: Сөмкеңізді қалай ұстайсыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу