Медбикенің белі ауырмасын деп...

Oinet.kz 01-01-2020 708

Медицина саласы жақсы дамыған Германия ауруханаларында қызықты, қажетті аппараттарды көптеп кездестіресіз. Немістер пациенттің ғана емес сонымен қатар медицина қызметкерлерінің де денсаулығына аса мән береді. 

Screenshot_14.jpg

Жалпы барлық стационарда өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайы ауыр науқастарды мейіргерлер төсекке жатқызып немесе төсектен арбаға отырғызады. Бір күндік жұмыс уақытында олар қаншама науқастың қолтығынан демейді десеңізші. Ал Германияда мұндай жұмыстарды арнайы аппарат атқарады. «Г» әрпіне ұқсас қондырғы науқастың ешбір жеріне зақым келтірмей, оны арбадан төсекке жатқызады. Бұл медқызметкерлерді бел ауруынан сақтаса, екіншіден уақыттарын үнемдейді. Тазалықты, ұқыптылықты сүйетін неміс елінің көшелерінен, адам көп шоғырланған метро станциясы, сауда орталықтарынан дефибрилляторды (жүрек тоқтағанда электр зарядын беретін аппарат) кездестіруге болады. Арнайы шкафтарға салынған аппаратты оқыс жағдай кезінде кез-келген адам қолдануына болады. Қолдану ережесін білмейтіндер үшін  аппаратқа дыбысты көмекші орнатылған. 

Адам денесінде мидың ең жылдам көмекшісі қай ағза?
Адам денесіндегі өлі клеткалар қайда кетеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу