Лоторея тарихы Ресейден басталады

Oinet.kz 28-01-2020 835

istoriya-loterei.jpg

Ең алғашқы лотореялар ХVIII ғасырда Ресейде пайда болған. Ол мемлекет қазынасын толтырудың және қайырымдылық үшін қаржы жинаудың тиімді әдісі болып саналды. Мысалы, соғыс кезінде зардап шеккен халыққа көмектесу мақсатын көздеген Ресей императоры 1829 жылы Лотореяны өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алғашқы лотореядан жиналған жалпы ұтыс көлемі 500 рубльден асқан.

Алғашқы уақытта большевиктер лоторея ойынына қарсы болады. Олардың түсінігі бойынша құмар ойындар капитализмнің тұяғы секілді көрінді. 1912 жылы құмар ойындарға тыйым салынып, оны ойнатуға әрекеттенген адамдарды ауыр жаза күтіп тұрды.  Бірақ, Кеңес үкіметіне ақша қатты қажет болды. Осылайша қоғамда лоторея ойнатушылдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қайта қаптады. Үш жылдан кейін лотореяға қайта рұқсат етіле бастады. Алайда, олардың жүріс тұрысы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынды. 1921 жылы елде қатты құрғақшылық болды. Сондықтан үкімет ақша жинаудың жаңа әдісіне көшті. Калинин бастаған Аштыққа ұшырағандарға көмектесетін комиссия құрылды. Жеке азаматтар мен ұйымдардан Ресейдің түкпір түкпірінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, лоторея көп жәрдемін тигізді. Оның үстіне лотореяны өзгелерге күштеп сату әдісі жүргізілді. Мысалы, ақша қайтарымының орнына лоторея берілді және түрлі кәсіподақтар мен мекемелерге лоторея сатып алу міндеттелді.

1956 жылы Кеңестік лотореяның дәурені жүрген шақ болды. Себебі, кеңес үкіметіне VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалін өткізуге қомақты қаржы қажет болды. Адамдарды лоторея сатып алуға ынталандыру үшін тұрмыстық техникалар сыйлыққа тігіле бастады. Ол кезде кеңестік кез келген адамның басты арманы көлік ұтып алу болды.

Бүгінде, талай адамның қалтасын соңғы тиынына дейін қағып алып жүрген бухмекерлік кеңселерге, спорттық ойындарға ақша тігу сынды дүниелер 1970 жылы «СпортЛото» деген лоторея билетінің сатылымынан басталды. Олар спорттық лотореяны өткізудің басты әдісі ретінде танымал спортшыға сәттілік әкелген санды көрсетуді басты айла етіп алды.

Әрине, лотореядан ұтқандарға қарағанда ұтылғандар өте көп болды. Адамдар жеңілетінің біліп тұрса да үмітінен айырылмады. Сондай-ақ, лотореяға жұмсаған қаржысының мемлекеттің игілігі үшін жұмсалатындығына сенімді болды.  

Солақайлар туралы қызықты деректер
Қысқа ғана қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу