Психологиялық тест: Сіз қалай ұйықтайсыз?

Oinet.kz 06-02-2020 2324

unnamed.jpg

1. Егер ұйықтаған кезде тізеңізді бүгіп жатсаңыз, онда сіз бірқалыпты, сенім артуға болатын, ешкімге кек сақтамайтын жансыз. Кез келген ортада өзіңізді жайлы сезінесіз және адамдармен тез тіл табысасыз. 

2. Бүк түсіп ұйықтасаңыз, үнемі жақындарыңыздың демеуіне, моральды қолдауына мұқтажсыз. Өте сезімтал жансыз. Кейде тіпті көз жасына ерік бересіз. Осылайша, бүк түсіп ұйықтаған кезде сіз сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғанғандай боласыз. Өз шығармашылығыңыздың шыңдалуына жол беріңіз: қолыңыздан келетін сүйікті іспен айналысқаныңыз жөн. Мысалы сурет салыңыз, би үйірмесіне қатысыңыз. Егер сіздің жарыңызда осындай кейіпте ұйықтаса оны мазалап, миын ашыта бермеңіз.

3. Көшбасшылар әдетте аяқ-қолын еркін сермеп жатады. Мұндай адамдар импульсивті болып келеді. Олар жұмыста да отбасында да тәртіп орнатып, бәрін қадағалап жүреді. Алдын ала дайындалып, алдағы күндеріне жоспар құрып, діттеген мақсаттарына оңай жетеді. Тыңғылықтыңы мен қайтпастығына қарай бұл топтағы адамдар кез келген өмір асуларын да оңай бағындырады. 

4. Үнемі шалқасынан ұйықтағанды позитивті, көңілді адамдар ұнатады. Сіз жұрт назарын өзіңізге аудартып, шулы кездесулердің ортасында жүргенді ұнатасыз. Жұмыста еңбекқорсыз, бірбеткей және шындықты бетке айтқанды ұнатасыз. Отбасында да, жұмыста да көшбасшысыз. Бар назар тек қана өзіңізде. Бұл кейіпте көбіне ер адамдар ұйықтайды. 

5. Қарауылда тұр,ған күзетші секілді ұйықтасаңыз өмірдегі мақсаты айқын және сол мақсатына аңдап басып, асықпай жететін жансыз. Сіз қаталсыз және айналаңыздағы адамдарға да қаталдық танытасыз. Бірақ көп жағдайда өзіңізге тым көп жауапкершілік аласыз. 

6. Тырна сияқты ұйықтайсыз ба? Сізден бәрін күтуге болады деген сөз. Мінезіңіз құбылып тұратындықтан, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарды таңқалдырып, тамсандырасыз. Жымиып тұрып, айқайға лезде басуыңыз әбден мүмкін. Көп жағдайда белгілі бір таңдау жасаған кезде көп кідіріп, қиналасыз. Өмірде де, қызметте те тұрақтылықпен тыныштықты, ықтияттылықты қалайсыз


Психологиялық тест: Алжапқыштың қайсысын таңдар едіңіз?
Жер бетіндегі ең ақылды жануарларды білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу