Жер бетіндегі ең ақылды жануарларды білесіз бе?

Oinet.kz 06-02-2020 1107

1573815628_1.jpg

Егеуқұйрық

Егеуқұйрық – адамдардың жанында емін-еркін жүре алатын үй жануарларының кең таралған түрі. Егеуқұйрық өзі тектес жануарлармен салыстырғанда өте ақылды. Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде олар ең ақылды жануар деп табылған. Сонымен, егеуқұйрықтардың таңғажайып қасиеттерінің бірі – өзі дәлдеген нысанаға барудың ең қысқа жолын дәл және жылдам таба алатындығында. Осылайша егеуқұйрық өзінің интеллектуалды қабілетімен ерекшеленетін бірден бір үй жануары екендігі белгілі болды. Сондай-ақ , тышқан Қытайда зор құрметке ие жануарлардың бірі.

1573815577_2.jpg

Сегізаяқ

Сегізаяқ - әлемдегі ең ақылды жануарлардың қатарына кіреді. Ол денесіндегі аяқтарының арқасында өзіне қауіп төндірген жанды лезде жантәсілім ете алады. Оның қорғану әдістері тым ерекше. Бұл сегізаяқтың жалғыз ғана қасиеті емес. Ол өзіне төнген қауіпті иіс шығаратын сұйықтығы арқылы алғашқылардың бірі болып сезе алады. Ол есте сақтау қабілетіне де ие. Қажет болса кез келген жерде түсін де өзгерте алады.

1573815553_3.jpg

Көгершін

Көгершіндер біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықтарда өмір сүрген. Құстың бұл түрі көптеген ауруларды тасымалдаушы болғандықтан, оны ғалымдар «ұшатын егеуқұйрық» деп атаған. Көгершін – өте ақылды құс. Зерттеулер көрсеткендей, көгершін көптеген тактикаларды үйрене алады, сондай-ақ, 100-ге жуық суретті тани алады. Екі нысанның арасындағы шамалы ғана айырмашылықты байқап, айнадан өзін тани алады.

timthumb.jpg

Тиін

Тиін кішкентай ғана жаратылыс болғанымен оның да өзіндік қабілеті бар. Есте сақтау қабілетінің мықтылығы, ептілігі мен тапқырлығы және жылдамдығы ондағы азғана қасиеттердің қатары. Ол адамды лезде тани алатын, сүйкімді жануарлардың бірі.

1573815568_6.jpg

Қарға

Ғылым адамдары қарғаны өте ақылды құстардың қатарына қосады. Мұны көптеген тәжірибелер растайды. Қарғаның ең тапқыр қасиеттерінің бірі – тамақ ұрлау процесінде. Мысалы, ол қорап ішінен құрт алып жеу үшін, шнурдан ілгек жасай алады. Жаңғақтарды қабығынан ашу үшін, оларды жаяу жүргіншілер өткеліндегі көліктердің дөңгелегінің астына лақтырып жібереді. Өзін көлік қағып кетпес үшін бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтеді. Қарғаның тілі де күрделі: олар бір-бірімен қарым-қатынаста бірнеше «диалектілерді» қолданады.


Психологиялық тест: Сіз қалай ұйықтайсыз?
Қай жігітті таңдайсыз? Психологиялық тест
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу