Ғылым үшін өмірін өлімге тіккен ғалым

Oinet.kz 10-01-2020 744

1516225941115447660.jpg

Асқазан жарасына себеп болатын Helicobacterpylori бактериясы екенін алғаш рет ғылыми түрде дәлелдеп шыққан австралиялық дәрігер Барри Маршалл болатын. Ғалымға жаңалығын мойындату оңайға соққан жоқ. Себебі оның бұл сөзін сандырақ көріп, мазақ еткендер көп болды. 

Ашуға булыққан Маршалл зерттеулерін дәлелдеу үшін 1984 жылы Helicobacterpylori бактериясының дақылын ішіп қояды. Көп ұзамай дәрігердің асқазанында жарасының барлық белгілері пайда бола бастайды. Ауруға қасақана шалдыққан ғалым көпшілікті жинап, асқазан жарасынан 14 күнде айығатынын айтып, жар салады. Айтқанындай ол екі апта бойы висмут тұзы және метронидазолмен емделеді. Қайта тексерілуден өткенде дәрігерлер  аң-таң болды. Себебі аурудың бірде-бір белгісі қалмаған. Өз-өзіне сенімді болған Барри осылайша өмірін тәуекелге тіге отырып, өзін мойындатты. Осы ерлігі үшін ол медицина мен физиология саласындағы Нобель жүлдесін жеңіп алды. 

Кітап оқу ми жасушасын өлтіреді
Төрт сағаттық арпалыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу