Адамның ыстық буға шыдамауының себебі неде?

Oinet.kz 10-01-2020 751

magiya-legkogo-para-v-bane-bochke-min.jpg

Медицинаның негізін қалаушылардың бірі Ибн Сина небір ғажайып кітаптар жазған. Қаншама жылдар өтсе де оның еңбектері медицинада қолданылып келеді.

Көп адамдар ыстық моншаға барғанда бірден булы бөлмеге отырғанды ұнатады. Бөлменің іші қанша бу болса да адам бірден терлемейді. Мұны алғаш рет ғылыми дәлелмен жеткізген Ибн Сина. Шығыс ғұламасының айтуынша адам бірден ыстыққа барған соң коллотеральды (майда) қан тамырлары жабылып қалады. Ал олар зат алмасуына, тер шығуға қатысады. Содан барлық күш айналып кетеді де жүрек жұмысын қиындатады. Күндердің күнінде ол адам ыстық буға 10-15 минуттан ұзақ отыруға жүрегі шыдамайтын болып қалады. Сол үшін ең алдымен жөкемен (мачалка) дене қызарғанша ысқылап сосын сәл салқындап барып ыстық буға кірсе,  тер де жақсы шығады, жүрекке де ауырлық түспейді екен. 

Төрт сағаттық арпалыс
Ең бақытты жұп қайсы? Психологиялық тест
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу