Әйелдің миы неге аз?

Oinet.kz 10-01-2020 2082

5367f37729c4e569258c3b9785652f16.jpg

Өмірде әртүрлі ауруларды, ауыртпалықтарды әйелдер мен еркектердің әрқилы қабылдайтыны белгілі. Сезінуі, сезімдері де солай. Бұл неліктен? Ғалымдар оған көптен бері нақты жауап іздеп келеді. Осы зерттеу барысында «Мүмкін, әйелдер мен еркектердің жүрегі, миы әу баста бір-бірінен басқаша жаратылған шығар, соған байланысты әйелдер мен еркектер науқасты, әр түрлі жағдайларды әрқилы қабылдайтын болар?», – деп ой айтқандар да болған көрінеді. Тек әзірге ғалымдардың анықтағаны, көлемі мен құрылымы жағынан әйелдер миының еркектер миынан айырмашылығының бар екендігі. Яғни, әйел миының салмағы ерлер миының салмағынан орташа алғанда (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Алайда «Әйелдердің миы тауықтың миындай екен» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. Өйткені, ақылдылық мидың салмағымен өлшенбейді. 

Американдық психиаторлар мен невропатологтардың пікіріне назар аударсақ, әйелдер миының нейроны мейлінше белсенді жұмыс істейді. Іс жүзінде қаншама жетілген деп саналғанымен, ерлер миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істесе, әйелдер миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Оны ғалымдар әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» (жарты шарлар арасындағы) байланыстың анағұрлым тығыздығынан деп түсіндіреді. Әйелдер мен ерлер миының реакциясында да алшақтықтың көп екендігі анықталып отыр. Яғни, олардың реніш сезімдері бірдей көрінгенімен, әйелдің миына салмақ сегіз есе көп түседі. Және де әйелдер кез-келген сөзге ерлерден гөрі ерекше мән береді, тез аңғарады. Соған сәйкес, әйелдерге сөзбен жұмыс істеу, синонимдік сөздерді ойлап табу әлдеқайда жеңіл көрінеді. Бұл ерекшелік олардың миына зақым келгенде тез сауығуына көмектесетін болып шықты. Ғалымдардың анықтауынша, әйелдің жүрегі де ерлердің жүрегіне қарағанда минутына 8-10 рет артық соғады, салмағы да 10-15 пайызға кем, дегенмен, ол соншалықты төзімді. Және оттегін 30 пайыз аз қабылдайды, 40 жасқа дейін 20 ер адам инфаркт алса, 40-қа толған бір-ақ әйел осы ауруға шалдыққан. 

Адам миы туралы деректер
Ақылдылық шаштың құрамынан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу