Көше шамдары қашан пайда болды?

Oinet.kz 10-02-2020 1137

Қала көшелерін жасанды жарықтандыруды қолданудың алғашқы әрекеттері XV ғасырдың басында пайда болды. 1417 жылы Лондон мэрі Генри Бертон қысқы кештерде Ұлыбритания астанасында қараңғылықты жою үшін шамдар іліп қоюды бұйырды. Біраз уақыттан кейін оның бастамасын француздар да қолдана бастады.

a7904_65430.jpg

XVI ғасырдың басында Париж тұрғындары көшеге жарық түсіру үшін терезе алдында шам ұстап тұруға міндеттелді. Людовик XIV кезінде Франция астанасы көптеген көше шамдарымен жарқырай түсті. «Күн королі» 1667 жылы көшелерді жарықтандыру туралы арнайы жарлық шығарды. Аңыз бойынша, Людовик патшаның осы жарлығы себепті оған «Күн королі» деген атау берілген. 

Ең алғашқы көше шамдарының жарығы төмен болды, себебі тек қарапайым шамдар мен майдың қосындысы болған. Кейіннен керосин қолдана бастағасын көше шамдарының жарығы едәуір артты. Алайда, нағыз көше шамдарының жарығы XIX ғасырдың басында газ шамдары пайда болғанда жарқырай түсті. Оны ағылшындық Уильем Мердок ойлап тапты. Әуелгіде оны баршасы  мазақтай бастады. Вальтер Скотт бір есінен ауысқан ақымақ Лондон көшелерін жарықтандыруды ұсынып жатқанын достарының біріне хат арқылы жазып жібереді. Осынау кекесің сөздерге мән бермей Мердок өзінің газдық жарықтандыруының артықшылығын көрсете білді.

1807 жылы Пэлл-Мэлл көшесінде алғашқы көше шамдары іліне бастады, кейіннен барлық еуропа көшелері жарқырай түсті. Ал Ресейде алғашқы көше шамдары Петр І кезінде орнатылды. Ол 1706 жылы Калице маңындағы шведтерге арналған жеңісті атап өту үшін Петропавл бекінісінің жанындағы кейбір үйлерге шамдарды іліп қоюды бұйырды. 1718 жылы петербург көшелерінде алғашқы тұрақты шамдар орнатыла  бастады, кейіннен 12 жылдан соң Анна Иоанновна патшайым көше шамдарын Мәскеу қаласына орналастыруды бұйырды.

99094.730xp.jpg

Электрлік жарықтандыру тарихы ең алдымен ресейлік өнертапқыш Александр Лодыгин мен американдық Томас Эдисонның есімдерімен байланысты. 1873 жылы Лодыгин көміртегі қыздыру лампасын ойлап тапқаны үшін  Санкт-Петербург ғылым академиясынан Ломоносов атындағы сыйлықты ие болды. Электрлі шамдар көп ұзамай Петербургтегі мекемелерді жарықтандыру үшін қолданылды. Бірнеше жыл өткеннен кейін Эдисон жетілдірілген шамды көрсетті, ол шамдар жарық әрі өндіруі де  арзан еді. Оның пайда болуымен қала көшелерінен газ шамдары алынып, орнына электр желілері қойыла бастады.

Фастфуд жайлы сіз білмейтін деректер
Маникюрдің шығу тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу