Әлемдегі алғашқы хирургтар кімдер?

Oinet.kz 13-01-2020 861

Хирургия орта ғасырларда медицина саласына кірмеген. Бүгінде көк халат, маска киген мамандардың ісін сол заманда қолөнершілер, шаштараздар, моншашы, тіпті жендеттер атқарған екен. Олардың өз жарғысы, герб және жебеушілері болған. Ота жасаушыларды ел қатты құрмет тұтса, екінші жағынан сескенген көрінеді. 

Screenshot_9.jpg

Жаугершілік заманда хирургтың көмегіне көбінесе садақ, қылыш тиіп жаралған адамдар жүгінді. Тарихшылар терең ендеп кеткен садақты адам денесінен алудың мынадай тәсілі болғанын айтады. Бірнеше адам жерге жас ағашты иіп ұстап тұрады. Хирург иілген ағашқа қадалып тұрған садақтың ұшын байлаған. Қатты майысып тұрған ағашты жібергенде ол садақты суырып алатын болған. Мұндай қауіпті «операцияға» шыдамаған науқастар да болған екен. Бір қызығы хирургтар жараның орнын таңуға асықпаған. Қан неғұрлым көбірек әрі тез ағып кетсе, соғұрлым жылдам жазылып кетеді деп ұққан. 

Жұртты күлдіріп, науқасты жылатқан дәрігер
Гүлдер фестивалі туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу