Психологиялық тест: Қайсы тағамды сүйсіне жейтіңізді таңдаңыз

Oinet.kz 10-02-2020 10271

Мұқият қарап қайсы тағамды сүйсіне рахаттанып жейтіңізді анықтаңыз. Сіздің таңдауыңыз өзіңіз жайлы қызықты мәліметті айтады. Егер сіз бір емес, бірнеше тағам түрін жегіңіз келсе, демек бойыңызда бірнеше қызықты жеке тұлғалық қасиеттеріңіз бар. Онда ең әуелі қайсы тағамды жегіңіз келетінің анықтап алыңыз, сол арқылы бойыңызда қайсы қасиеттің басым екенін біле аламыз.

142537301_52.jpg

№1 тағам

Сіздің бойыңыздағы басты ерекшелік – жанашырлық пен ашықтығыңыз. Әркез өміріңіздің әр сәтінен ляззат алуға және болмашы дүниелерге қамықпауға тырысасыз. Егер өміріңізде жағымсыз жағдай болса, сіз оны жеңіл қабылдап, одан өмірлік сабақ алып, әрмен қарай өмірге күлімдеп қарап жүре бересіз. Әрі сіз айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысып кететін жансыз. Бұл қасиетіңіз сізге өмірде жетістікке жетуіңізге көп көмектеседі. Осы қалпыңыздан айнымаңыз!

№2 тағам

Сіз өте әзілкеш жансыз әрі жақсы доссыз. Әркез әлсіздерге көмектесуге асығасыз. Адамдар сіздің шынайылығыңыз бен адалдығыңызды құрметтейді. Расыменде, сіз айналаңызға керемет көңіл-күй мен жағымды энергияның шуағын шашатын Күн іспеттісіз.

№3 тағам

Сіз әрбір іске жауапгершілікпен, байыппен қарайсыз. Әркез қателік жасаудан қашасыз, әрі келешектегі мақсаттарыңызды орындау үшін алдын ала нақтылап жоспар жасайсыз. Сіздің өмірге деген ұтымды көзқарасыңыз жетістікке жетуіңізге көп көмектеседі. Әрі сіздің пікіріңізді көпшілік тыңдап, кез келген мәселеде сізбен ақылдасады. 

№4 тағам

Сіз әркез ұшқалақтап, асығып жүресіз. Көбіне барлық жұмысты анық әрі тез жасауға тырыссаңызда, кейде бұл тәсіл қателіктерге әкеп соғады. Есесіне, мұндай асығыстық сізге өмірде ең жақсы нәрсені алуға көмектеседі. Кейде бәрін тастап, демалып, сол сәттен ляззат алуды қалайсыз.

№5 тағам

Дегенмен, сіз үлкен баласыз. Сіз өмірде кезігетін мәселелерге басыңызды қатырғыңыз келмейді, олар өзі-ақ шешіліп, өміріңізден жойылатынына сенесіз. Мұнымен қоса, сіз әуескей әрі жаңа ақпаратты тез үйреніп аласыз. Кішкене әрекеттенсеңіз өз жұмыс сатыңызда биікке шыға аласыз. Бұдан бөлек, өміріңіздегі әрбір болған оқиғаларыңызды шынайы қабылдай аласыз. Жақындарыңыз сіздің өмірге деген құштарлығыңызды бағалайды. 

№6 тағам

Отбасы – сіз үшін ең маңызды орында. Өзгелерге жанашырлық таныту арқылы өмірден ляззат аласыз. Сіз керемет ата-ана бола аласыз. Мұнымен қоса, сіз парасатты әрі айналадағы жандарға керекті кеңестеріңізбен бөлісе аласыз. Әрине, тек жақсы жағынан пайдалы кеңестер беруге тырысасыз.

Гүлдер фестивалі туралы білесіз бе?
Қытайлықтар нәрестелерді жейтіні қаншалықты рас?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу