Қытайлықтар нәрестелерді жейтіні қаншалықты рас?

Oinet.kz 14-02-2020 1884

Аспан асты елінің адамдары мен олардың тұтынатын тағамдары туралы интернетте небір түрлі деректер өрбіп жүретіні рас. Олардың ең сорақысы да қытайлықтардың жаңа туға нәрестенің етін жейтіні. Енді шындық пен мифтің ара-жігін ажырату үшін кішкене ізденейік!

Картинки по запросу

Мұндай ақпаратты ең әуелі тайваньдық отбасына қызмет ететін қыз желіде жариялайды. Оның айтуынша ол отбасындағы кісілер кәдімгі тірі сәбиді қайнатып жейді. Ол кейде жаңа туған, ал кейде өсіп қалған сәби екен. Көптеген жылдар бойы интернетте осы секілді ақпараттар тарап жүрді. Онда қытайлықтар жас сәбидің етін, мәңгі жас болып қалу мақсатында желінетіндігі көрсетілген. Алайда мұндай сұмдыққа бірден сенуден аулақпыз!

суп из младенцев

Кейбір деректерде нәресте етін жеуге Қытай аштық кезінде мәжбүр болған деседі. Әрине, өздеріңіз білетіндей мұндай қауесет ССР-ның кезіндегі аштықпен де байланыстырылатын. Кеңес одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан соң тамақтан қатты қиналғаны белгілі. Сол жылдары қарапайым халық арасында бай-шонжарлардың жасырын түрде бала етін жейтіні туралы әңгімелер басылмай қойған-ды. Қытай елінде де дәл сондай шын-өтірігі аралас әңгімелер айтылған. Кішкентай балалар етін жеді деп коммунитерді кінәлаған.

Көбінесе өзге елдер бұл қауесеттің барлығын Қытайдағы «бір баладан артық бала туу-ға болмайды» деген үкіммен байланыстырады.

Интернеттегі жантүршіктірер суреттерге қарап мұны өтірік деу өте қиын, әрине. Алайда естеріңізге сала кетейік, ақыл есінен ауысқан адамдар тек аспан асты елінде ғана емес, барлық елде жетерлік. Ал тірі жанның етін жеу, оның үстіне нәресте етін жеді деп, көзбен көрмей жазғыру – өте қате тірлік.

Адамдардың аңқаулығы мен тез сенгіштігін пайдаланатын шығармашылық тұлғалар жетерлік. Мәселен осыдан он шақты жыл бұрын интернет беттерінде баланың етін пісіріп, оны тәбетпен жеген жігіттің бейнежазбалары тарап кетті. Ол мұндай қадамға көп көрермен жинау үшін барған. Ол тіпті 2000 жылы фестивальдердің бірінде өз жұмыстарын ұсынды. Кейіннен Чжу Ю есімді азаматтың жегені қуырылған эмбриондар екені белгілі болды.

Иә, қытайлықтардың жейтін тағамдары туралы тек осы ғана емес, басқа да адам сенгісіз заттармен қоректенетіні туралы қауесеттер жетерлік. Бұл Қытайдың саясатын ұнатпайтын, өмір сүру салтын ұнатпайтындардың жасайтын - белсенді пропагандасы секілді. Бірақ, егер сіз сыни ойлай білсеңіз және арандатушылыққа жол бермесеңіз, онда мұндай қауесеттерге шындап назар аударудың қажеті жоқ.

Психологиялық тест: Қайсы тағамды сүйсіне жейтіңізді таңдаңыз
Көздің түсі сіз туралы не айтады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу