Әлемдегі ең үлкен мешіттер

Oinet.kz 10-02-2020 7156

Мешіттер тек ата-бабалар қалдырған таңғажайып сәулет ескерткіштері ғана емес, олар мұсылман әлемінде маңызды діни, әлеуметтік және мәдени рөл атқарады. Бұл мақалада біз әлемдегі ең үлкен 10 мешіт туралы сөйлесетін боламыз.

Меккедегі Масжид аль-Харам мешіті

mechet-v-mekke.jpg

Мұсылман жүрегінде – Меккеде орналасқан бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің көшін бастап тұр. Мешіттің басты ерекшелігі  әлемдегі ең алғашқы ғибадат орны – Қағбаның осында орналасқаны. Аңыз бойынша, Қағба құрылысын аспан періштелері салған-мыс. Бұл әлемдегі барша мұсылмандардың арманы болған құтты мекен. Қазіргі таңда мешіт бір сәтте 1 миллионға жуық адамды қабылдай алады. Егер ғибадатханаға іргелес жатқан аумақты ескеретін болсақ, ғибадат етушілер саны 2 миллионнан асады. Діни комплекстің аумағы 357 мың шаршы шақырым, бірақ есте сақтайтын жайт мешіт аумағы үнемі кеңейіп келеді.

Мединадағы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мешіті – Масжид әл-Набауи

mechet-proroka_1.jpg

Мединада орналасқан бұл мешіт әлемдегі екінші үлкен мешіт. Ғибадатхананың құрылысы 622 жылы басталған. Мешіт құрылысына соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) өзі қатысқан. Пайғамбардың жерленген орны осы кешеннің ішінде  және шыны қабырғалармен қоршалған. Жерлеу орнының үстінде жасыл күмбез тұр. Қазіргі таңдағы мешіттің жер аумағы алғашқы ғимараттың көлемінен жүз есе көп. Шындығында, қазір мешіт бүкіл ескі қаланың аумағын қамтиды. Күнделікті уақытта Масжид әл-Набауи шамамен 600 мың адамды қабылдаса, қажылық кезінде 1 миллионға жуық мұсылмандарды қабылдай алады. Мешіттің аумағы 400 мың шаршы шақырымды құрайды.

Исламабадтағы Файсал мешіті

mechet-feysala.jpg

Пәкістан астанасы - Исламабадта орналасқан Файсал мешіті әлемдегі ең ірі мешіттердің бірі. Ғибадатхананың құрылысына Сауд Арабиясы үкіметі демеушілік жасады. Мешіт көркем жерде орналасқан. Бір қызығы, оның дизайны мұсылман ғибадатханалардың дәстүрлі архитектурасынан мүлдем өзгеше. Ғимараттың формасы көбінесе көшпелі көшпенділердің шатырына ұқсайды. Мешіт құрылысы кезінде оның дизайны үлкен наразылық туғызды, бірақ құрылыс аяқталғаннан кейін сыншылар өздерінің  қателескенін мойындады. Фейсал мешіті 300 мыңға жуық адамды қабылдайды.

Джакартадағы Тәуелсіздік мешіті («Истиклал» мешіті)

mechet-nezavisimosti.jpg

Индонезиядағы Тәуелсіздік мешіті немесе Истиклал - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен мешіт. 1949 жылы Индонезия тәуелсіздікке қол жеткізді және осы оқиғаны мәңгі есте сақтау үшін мемлекеттің астанасында осындай үлкен діни ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Мешіт құрылысы 1961 жылы басталды. Ғибадатхана шамамен 120 мың адамды қабылдай алады.

Касабланкадағы Хассан II мешіті

mechet_hasana_ii_2.jpg

Марокканың ең үлкен қаласы Касабланкада орналасқан Хассан II мешіті үлкендігімен ғана емес, әсемдігімен де әлемді таң қалдырады. Мешіттің үлкен әйнек залынан Атлант мұхитының керемет көрінісі ашылады. Мешітке 105 мың адам сыяды. Ғибадатхананың ауданы шамамен 9 мың шаршы шақырымды құрайды. Қызықты факт: мешіттің құрылысына жұмсалған 800 миллион доллардың бәрі ерікті садақалар.

Лахордағы Бадшахи мешіті

mechet-badshahi.jpg

Бадшахи мешіті XVII ғасырдың ортасында Пәкістанның Лахор қаласында Могол әулетінің соңғы билеушісінің бұйрығымен салынды. Мешіт ескі қаладан жоғары биік платформада салынған. Мешіт ауласының өлшемі 159 × 527 м. Мешіттің сегіз мұнарасы бар: төртеуі намазханалардың бұрыштарында және мешіттің айналасындағы қабырға бұрыштарында бар. Сыртқы мұнаралардың биіктігі 62 метр.Кірпіштен қапталған ауладағы негізгі кіреберісі кең бұл мешіт   60 мың діндар адамдарды қабылдай алады.

Санадағы әл-Салех мешіті

mechetal-saleh.jpg

Йеменнің астанасы – Санада орналасқан басты әрі  ең үлкен әл-Салех мешіті. Ғибадатхана тұңғыш президент Али Абдулла Салехтің бұйрығымен және жеке қаржысымен салынған. Мешіттің атауыда сол себепті. Мешіт өте әдемі. Биіктігі 100 метр алтын мұнаралар қаланың түкпір-түкпірінен көрініп көздің жауын алады. Әдемі әшекейленген күмбездер, қара базальт пен қызыл, ақ, әктас сияқты түрлі тастардың үйлесімі мешіт әсемдігін арттыра түседі. Діни ғимараттың ресми ашылуы 2008 жылы болды. Мешіт ғимараттар кешенінен тұрады, олардың ең үлкені 27 мың шаршы метр намаз оқуға арналған орын. Негізгі залда 44 мыңға жуық адам жиналады.

Абу-Дабидегі шейх Заид мешіті

mechet-sheyha-zayda.jpg

Шейх Заид мешіті өзінің көлемімен ғана емес, сонымен бірге таңғажайып сұлулығымен де танымал. Бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы - Абу-Даби қаласының басты сәулетті құрылыстарының бірі. Мешіт өзінің ішкі безендірілуімен таң қалдырады: ғимараттарды безендіру үшін түрлі-түсті мәрмәр мен жартылай бағалы тастар қолданылды. Сонымен қатар, әлемдегі ең үлкен және ең сәнді аспалышам осында бар. Мешіттің ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге онда 40 мыңға жуық адам намаз оқи алады.

Делидегі Собор мешіті (Джами Масжиді)

sobornaya-mechet-deli.jpg

Делидегі Джами-Масжидтің құрылысы Могол империясының падишасы Шах Джахан I-нің тұсында басталды. Оның есімі тарихта Джаханның бұйрығымен салынған Таж-Махал мешітінің құрылысының арқасында қалды. Собор мешітінің құрылысы 1656 жылы аяқталды. Мешіт кешені төрт бұрыш мұнарасы бар қызыл қызыл қабырғамен қоршалған. Сіз баспалдақтан   көтеріліп, үлкен қақпадан өтіп, үш жақтың бірінен кіре аласыз. Ішінде кең алаң, дәрет алуға  арналған орын және әрқайсысының биіктігі 40 метр болатын үш күмбезі бар екі мешіт бар. Мешіт шамамен 25 мың адамды қабылдай алады.

Қашғар қаласындағы Мерекелік мешіт (Ид Ках)

mechet-id-kah.jpg

Қытайдағы ең үлкен мешіт - Мерекелік мешіт (Ид ках). Ол елдің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Қашғар қаласында орналасқан. Ғибадатхана 1442 жылы салынған. Кейін мешіт кеңейіп, қайта тұрғызылды. Ғимараттың ерекшелігі - кірпіштен жасалған сары кірпіш қақпа. Кешеннің ауданы 16800 шаршы метрді құрайды және 20 мыңға жуық  адамды  қабылдайды.

Психологиялық тест: Бір жануарды таңдаңыз
Сарбаздарды күйдірген дәрігер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу