Өз жүрегімен ойнаған адам

Oinet.kz 15-01-2020 659

Неміс дәрігері Вернер Форсман 1928 жылы өз жүрегіне катетр орнатқан адам. Қауіпті қадамға бармастан бұрын Вернерге әріптестері жүрекке бөгде зат түскен кезде ол шок алып, жүрек тоқтайды деп қанша ескертті. 

Screenshot_5.jpg

Алайда өз біліміне сенімді болған дәрігер шынтақ тұсындағы қан тамырын кесіп жіңішке түтікше өткізеді. Бірінші тәжірибеде түтікше жүрекке жетпей қалады. Себебі ассистенті оған көмектесуден бас тартады. Екінші мәрте ол біреудің көмегінсіз 65 сантимертлік катетрді жүректің оң жақ тұсына дейін жеткізеді. Түтікшенің жүрекке жеткеніне көз жеткізу үшін рентген аппаратын іске қосады. Шынымен де Форсманның қолынан келді. 1956 жылы ол медицина мен физиология саласындағы Нобель жүлдесіне ие болады.

Сарбаздарды күйдірген дәрігер
Солақайлар неден қателеседі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу