Әлемде медицина саласында ешқандай қағазбастылық жоқ мемлекет

Oinet.kz 16-01-2020 793

Screenshot_8.jpg

Озық елдердің бірі – Германияның медицина саласында ерекшеліктер өте көп. Қабылдау кезінде дәрігер мен пациент тек қана сөйлеседі. Яғни дәрігердің алдынан ешқандай журнал мен қаламды көрмейсіз. Себебі әңгіменің барлығы диктофонға автоматты түрде жазылады. Немістің  дәрігерлері қағазбастылық деген ұғымды білмеуі осыдан. 

Ал ауырып, Германияның ауруханаларына жата қалсаңыз, аш қалмасыңыз анық. Медицина қызметкерлері ресторандағыдай сізге ас мәзірін ұсынады. Түскі ас жоқ дегенде үш түрлі тағамнан тұрады. Десерт пен шырынды да алдыңызға қояды. Туыстарыңыз келе қалса, олармен еш қиындықсыз жүздесе аласыз. Олар бахила немесе халат та кимейді. Ол жақта жан сақтау бөлімінен басқа барлық бөлімшеге туыстардың кіруге құқы бар екен.  

«Күлгін түсті күн» дегенді естігенсіз бе?
Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу