Жаналғыш дәрігер

Oinet.kz 16-01-2020 649

Мичигандық дәрігер қатерлі ісікке шалдықпаған пациентке химиятерапия жасағаны үшін 45 жылға бас бостандығынан айрылған. 50 жастағы Фарид Фата сотта өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізген. Ол дені сау пацинеттерге «қандағы обыр дертінің соңғы сатысына душар болдыңыз» деп алдап, химиятерапия жасау керектігін айтады. 

Screenshot_25.jpg

Ал емнің бұл түріне онколог-гематолог  қып-қызыл ақша сұраған. Қылмысы дәлелденгеннен кейін прокурорлар дәрігерге тиесілі  17,6 миллион АҚШ долларын тәркілеген. «Жаналғыш дәрігердің» кесірінен 553 емделуші химиятерапия қабылдап, зардап шеккен. Федералды прокурорлар Фатаны «сол елдегі ең сорақы алаяқ» деп атады. 

«Өтірік индикаторы» қалай пайда болды?
Резус-фактор термині қалай пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу