Әрбір қазақ қызы оқуы тиіс кітаптар

Oinet.kz 09-03-2020 2160

Егер кітап оқуды жаныңыз сүйетін болса, ақылыңызға азық іздеу мақсатында үнемі әдеби кітаптар іздеп жүретін болсаңыз, темендегі кітаптарды ұсынамыз: 

6091a727-b044-47ff-9136-d44741b0d0c4.jpg

- "Махаббат, қызық мол жылдар". Ә.Нұршайықов

Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. 

- Ф.Оңғарсынованың "Дауа", "Жүрек күнделігі", "Шашы ағарған қыз", К. Ахметованың"Күн шыққанда күліп оян","Жапырақ-жаздың жүрегі" 

Бұл жыр жинақтары да әйел дүниесінің жан айқайын паш етеді. Ақынмен бірге сырласасыз, мұңдасасыз. 

- "Ана бақыты". Ж.Көбекбай

Ана болу - әйел баласына берілген үлкен бақыт. Жүктілік кезінде осы бақытты сезінумен қатар, болашақ ананың бойында сауал пайда болады. Осы кезде қаншама келіншек кітап іздеп, қазақ тілінде қажетті кітаптардың жок екендігін айтып қынжылады. Мұның бәрі де артта қалды. Жүктілік пен босану туралы қазақ тіліндегі тұңғыш кітап шықты.

- "Ұлпан". F. Мүсipепов

Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы,әдет-ғұрпы, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесіip дауы мәселеcі де қалыс қалмаған. 

- Тізіміңізге Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын түртіп алсаңыз да артық емес.

- "Айналайындарым менің". Д. Матайқызы 

Жас ұрпаққа арнап ұлттық салт-сананы, дәстүрімізді өмірбаяндық деректермен байланыстыра отырып өсиет етіп жазған. Туған тарихымыз, саяси-әлеуметтік тың көзқарастар, алуан түрлі өмірлік мысалдармен толықтырылып жазылған бұл жинақ та, сіздердің сырлас достарыңызға айналар деген сенімдеміз. 

- Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегінен орын алған Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы. 

Бұл кітап қазақ келіндерінің төлқұжаты болуы керек секілді. Автор осыдан 30-40 жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.

Әлемдегі Рекорд орнатқан кітаптар туралы білесіз бе?
Балаға қонақ күтуді үйреткен жөн!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу