«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген туралы не білесіз?

Oinet.kz 01-06-2020 5458

Халық арасында танымал әрі жанашыр тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері Дина Төлепберген 1984 жылы 9 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.

unnamed.jpg

Білімі

Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген.

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.

Қызмет жолы

1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі;

2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы;

2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі;

2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі;

2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі)

2010-2011 - «КТК» телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасының жүргізушісі;

2011 – 2014 – «КТК» телеарнасында «Астарлы ақиқат» бағдарламасының авторы және жүргізушісі;

2011-2012 – «Ретро – FM» радиостансасының қазақ тіліндегі жаңалықтар қызметінің жетекшісі.

2015 жылдан «КТК» телеарнасында «Эксперимент» бағдарламасының жүргізушісі;

Көзқарасы және қызығушылықтары

Үлгі тұтар журналистері: Тілеуғабыл Мыңжасар, Ларри Кинг, Опра Уинфри, Познер.

Адам бойында бағалайтын қасиеттері: адалдық, табандылық, қайсарлық

Тауға шығу. Жаяу треккинг: Қазақстан жастары Конгресінің шыңы (4030м); Мәншүк Мәметова шыңы (4194м); Күмбел шыңы (3200 м) және т.б

Хореография: Нұсқаушы хореограф; «Айгөлек» балалар хореографиялық ансамбілінің 12 жыл қатысушысы; Түркия, Болгария, Кипр, Ресей, Украина елдерінде өткен халықаралық би фестивальдерінің лауреаты;

Шахмат: 2-ші разрядты шахматшы; ОҚО құрама командасының мүшесі;

Айкидо: қызыл белбеу иегері;

Тоқыма;

«Монтессори» ілімі;

Отбасы

Әкесі: Исматулла Төлепберген – техника саласы қызметкері;

Анасы: Зейнегүл Тулеева – дәрігер;

Сіңлісі: Еңлік

Отбасылық жағдайы: тұрмыста;

Балалары: ұлы бар, 2 жаста

Мал етінің табаққа тартылу тәртібі
Психологиялық тест: «Баланың шын анасы кім?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу