Тамара Дүйсенованың отбасылық жағдайы туралы не білесіз?

Oinet.kz 17-06-2020 7356

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүние келген. Негізгі мамандығы - инженер-экономист. 

125762.jpg

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш 1987 жылы ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 

1988 – 1992 ж. Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992 – 1993 ж. Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994 – 1999 ж. әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999 – 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2002 жылдың қыркүйек айынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі.2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 

Марапаттары:

«Құрмет» (2010) орденімен; «Қазақстан Республикасінің тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституцияның 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - АҚ медбикесі. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық орнаған ел». 

Хоббиі:

Классикалық музыка, кітап оқу. 

Отбасылық жағдайы

Халық арасында кеңінен танымал болғна Тамара Дүйсенова тұрмысқа шығып, ақ орамал тақпаған жан. 

Психологиялық тест: Сіз үшін ең қорқынышты қайсы?
Аида Балаеваның отбасылық өмірі туралы не білесіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу