Тек бір-бірімен сөйлескен егіздердің жұмбақ тағдыры

Oinet.kz 07-08-2020

Оқиға 1963 жылы барбадостық Гибсонстар шаңырағында  Джун мен Дженнифер есімді егіздер дүниеге келгеннен басталады. Барлығы қалыпты көрінгенімен, егіздер тек өзара сөйлесіп, бір-бірімен ойнаған. Қызығы, егіздердің бірі қаза тапқан соң екіншісі қоғамға бейімделіп кете алған. 

image.png

 Қыздар қатарластарынша сөйлеп кетпегендіктен ата-анасы әбігерге түсіп, мамадардың көмегіне жүгінген. Күмандануға қанша негіз болса да, қыздардың оғаш әрекеті дамуда айтрлықтай ерекшеліктің бар екендігімен сипатталған. Қыздар сыртқы ортаның әсерін елемегенмен, өзара тілдескен. 

image.png

Мектепке барған соң, көпшілікпен қатынас құрар деген үміт текке кетті. Мектеп табалдырығы аттаған егіздер одан сайын тұйықтала түседі. Қыздармен жұмыс істеген психологтар олардың дыбысын диктофонға басып алады. Телепатия немесе жаңа тілде сөйлейді деп болжам жасалғанмен, мұқият зерттеу бұл нұсқаны теріске шығарған. Қыздар таза ағылшын тілінде, тым жылдам сөйлейтіні анықталған. Психиатр ата-анаға қыздарды екі мектепке орналастыруға ұсыныс жасайды. 

image.png

Джун мен Дженнифер 14 жасқа толғанда, ата-анасы қыздарды ажыратты. Егіздер кататоникалық күйзеліске түсті. Психикасы нашарлағандықтан қыздар үйіне қайтарылған. Бір бөлмеде қамалған қыздар екі жыл бойы әңгімелерін касета мен дәптерге жазып жүрген Тіпті интернатта қыздар күнделік жаза бастаған. Жазбалардың негізінде Джонның Дженнифер үшін құрбан ретінде әрекет ететіні белгілі болды.  

Көп ұзамай егіздер қатаң психикалық ауруханаға орналастырылды. Онда ем қабылдағанмен, апалы-сіңілдің жағдайы нашарлай береді. Бірақ байланыс күшті болды. Екі палатада орналасқандықтан егіздер бір-бірін көре алмайтын еді. Қоғаммен араласудың жалғыз амалы болып көрінді ме, Дженнифер Джун қалыпты өмір сүруі үшін өзін құрбан етті. Алайда, Дженнифердің өлімі құпия болып қала береді. Дженифердің ағзасынан ешқанай у анықталмаған. Дәрігерлер «микрокардит» деп диагноз қойған. Күмәнді тұсы микрокардит ағзада  29 жаста дамымайды.

Әпкесі қайтыс болғаннан кейін, Джун өмірге қайта келген сияқты. Ол басқалармен сөйлесіп, тіпті сұхбат берді.  Қазір Джун ата-анасының үйінде жалғыз тұрады. Қазір 56 жастағы Джун көршілікпен араласуға тырысқанмен, оның сөйлеу жылдамығын түсінетіндер аз. Бастысы, Джун адамдардан қашқақтауына шек қойды. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

«Түнгі көбелек» қалайша ең мықты теңіз қарақшысына айналды?
Психологиялық тест: «Суреттен бірінші не байқадыңыз!?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×