«Түнгі көбелек» қалайша ең мықты теңіз қарақшысына айналды?

Oinet.kz 07-08-2020 1019

Кейіпкеріміз 1775 жылы Гуанчжоуда дүниеге келген. Ата-ана қарауынан тыс қалған қыз өмір үшін күресіп, аман қалу үшін тәнін сатып күн көруіне тура келеді. Чинг Шидің балалық шағы туралы ақпараттар жоқтың қасы. Бір білеріміз,  Чинг 26 жасында Қытайдағы ең ықпалды теңіз қарақшысына тұрмысқа шығады. 

image.png

"Барлық ұлттар тарихы" топтамасынан (1836 жыл)

Күйеуімен бірге жүздеген кемеге стратегиялық тактика жүргізген Чинг бедел қалыптастырады. Жас қарақшы сол кезде өзгелер пікірімен санасар дәрежеде ер қарақшыларға ықпалды болды. Оның айла-амалы мен ақыл-ойы сауда кемелеріне сәтті рейдтер жүргізуге және бүкіл елді мекендерді бақылауда ұстауға көмектесті.

image.png
Чинг Ши биорафиясына арналған "Кек туралы аңыз" фильмінен кадр

Қарақшылардың патшасы мен патшайымы ұзақ уақыт бойы балалы бола алмайды. Кәсібіне берілген жұп тіпті баланы да ұрлап алуды ұйғарады. Чжан Баоцзай есімді балықшының нәрестесін ұрлап кетеді. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін «Қызыл Ту» қарақшылар флотының номиналды жетекшісі- Чинг Ши болды.

image.png

"Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінен кадр

Айдарынан жел ескен талай алып патшалардың өзі қарақшы әйелдің есімін естісе, қалтырайтын дәрежеге жетеді. Чинг Ши әскері бірнеше мың қарақшылар мен төрт жүз кемелік флот құрды. Ең сорақысы, Қытай билігі қарақшылармен күресу үшін британдықтар мен португалдықтармен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Егер Чжэн ханымның өсіп келе жатқан қарақшылар Одағының ішкі келіспеушіліктері болмаса, қарсыластары ешқашан мерейі үстем әйелді жеңе алмайтын еді.

Қарақшылар биліктің дегеніне бой ұсынды. Тіпті көпшілігіне жақсы кәсіп пен әскери атақтар ұсынылды. Чинг Ши мен оның күйеуі Фуцзянь провинциясында тұрып, ұл туды. Екінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін, ол Гуанчжоуға оралып, құмар ойындары үшін притон ашты. Чжэн ханым 69 жасында қайтыс болды. Ол адамзат тарихында ең мықты стратегияға ие қарақшы ретінде қалды.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Әлемде «егіз» келбетті адамдар бар ма?
Тек бір-бірімен сөйлескен егіздердің жұмбақ тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу