Психологиялық тест: Сіз саусағыңызды қалай біріктіресіз?

Oinet.kz 30-05-2020 3804

1. Басбармақ оң қолдың үстінде орналасса: саусақтарыңыздың бұлай орналасуы сіздің жаны нәзік, сезімтал жан екендігіңізді көрсетеді. Өзгенің жан дүниесін түсіне білетін қасиетіңіз өзгелерге қатты ұнайды. Сондықтан да сіз ортаңызда үлкен беделге иесіз. Айналаңыздағы жағдайды алдын ала бағамдауыңыз үшін табиғат сізге айрықша түйсік тарту еткен. Адамдар сізге сенім артқандықтан бар сырын ақтаруға дайын. Себебі, сіздің оларға ешбір жамандық жасамайтындығыңызға сенімді. Әр уақытта кез келген істе мұқият ойланып, жағдайға қарай әрекет етуге бейімделген жансыз. Шешімді асықпай, ойланып шығарасыз. Сондықтан да, сіз шығарған шешімдер ешқашан қате болмайды. 

image.png

2. Екі басбармақ бір-бірімен байланысып, қарама-қарсы орналасса: Әрбір істе тәртіп пен үйлесімділікті талап ететін жансыз. Ұрыс-керіс пен жанжалдан бойыңызды аулақ салуға тырысасыз. Себебі, сіздің салмақтылығыңыз бен әрбір істегі пайымыңыз мұндай шулы әрекеттерді қажет етпейді. Жалғыз қалған сәттерде өзіңізді жақсы кезінесіз. Айналаңызда азғана, топтасқан достарыңыз бар, олардың өзі сіз үшін жеткілікті. Себебі, сіз үшін достың саны емес сапасы маңызды. Өміріңіз тыныш және байыпты өтуде. Демек, бұл тіршілігіңіз өзіңізге қатты ұнайды деген сөз. Болашақта табысты кәсіпкер атанғыңыз келеді және ол нәтижелі болары сөзсіз!

3. Басбармағыңыз сол қолдың үстінде орналасса: Өте белсенді және сенімді жансыз. Іш пыстырарлық тірліктерді ұнатпайсыз. Үнемі ізденіс үстінде боласыз. Жаңа нәрселерді ойлап тапқанды ұнатасыз. Үнемі көңілді жүресіз, сол үшін де сізді өз ортаңыз аса құрметтеп, жақсы көреді. Ұнатпаған нәрсеңізді ұнамады деп нақты айтасыз. Ісіңіз де, сөзіңіз де нақты бағыттармен, жоспарлармен бекітілген. Оптимист және алаңсыз өмір сүретін жансыз. Өзгелердің көзқарасы мен пікірі сіз үшін маңызды емес.

Әлемдегі ең жұмбақ гүлдер
Әлемде талай қызық бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу