Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды

Oinet.kz 06-09-2020 1230

Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды:

Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн райының бұзылмағының белгісі. Ал таңертең шырын жинауға ертелеп ұшып, көк жапырақтыларға тобымен жиналып гуілдесе, күн райы ашылмақ та, жауын жауып тұрғанда ұясынан ұшып, қонып гуілдесе де күн райы жақсармақ та, жаңбыр бұлты төнгенімен ара біткен жұмыстарын тоқтатпаған болса, жаңбыр жаумайтын болғаны. Аралар ашулы, тынышсыздық құлық танытатын болса, жазда құрғақшылық болып, жер қуаң тартуы, омарталарын ашық қалдырған жағдайда қыс жылы, балауызды бекітіп жүрсе, қыс суық болуы мүмкін.

unnamed.jpg

Өрмекші жұрт көзінен жасқанбай кешке жаңа өрнек тоқыған болса, ертеңгі күн жақсарарының, өрнегін тездетіп өре бастап, ұя салуға кіріссе, күн суытарының, өрмек аралықтарын қысқа жіптермен бекітіп, жел көтерілерінің немесе жаңбыр жауатының белгісі. Қазанда ақ өрмек ұшса – күз жылы, қар кеш түспек екен.

Жылдың әр мезгіліндегі құбылыстарды бақылай отырып күн райын болжау

Жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды өлшем ете отырып, біріне - бірін сәйкестендіру арқылы, күн райын болжау мүмкіндігін өмір дәлелдеп отыр. Қыс арқылы көктемді, көктемге қарап, жазды, жазбен күзді, күзге қарап, қыстың қалай боларын болжауға болады.

Қыс қарлы болса, жазда да жауынның мөлшерінің көп боларын күткен. Қыс жылы болып өтсе, жаздың салқын боларын, ал керісінше жаз жайсыз болса, қыс жайдары боларын күте бер.

Жазда күн жылы болып, түн салқын болса, шөп жақсы көктемей, қуаңшылыққа алып келуі мүмкін. Ал қыста қар үсті - үстіне жауып, аспан шаңыттап сәулеленіп тұрып алса, қиындықты қарсы алып, одан шығу жолын ойлау керек.

Көктемде күн күркіреместен найзағай жарқылын көрсең, жаз жауынсыз құрғақ боларын, ал күн суытып кетсе, жазда жауын - шашынның көп болатынын біле бер.

Наурызда қар жаумаса, мамыр жауынды болады.

Жаз айларында күн шамадан тыс шыжып кетсе, алыстан күн күркіресе, кешікпестен жауын жауардың нышаны.

Жаз мезгілінде бұлт қызарып күн батса, ал күн батса, ертеңіне жауын, ал күн сәулесіне тау боянса, ертеңіне күн райында өзгеріс болады.

Көктем ұзаққа созылып кетсе, жазда көк жақсы шықпастан, күн салқындайды. Жаз салқын болса, күз уақыты да созылып кетеді. Күз суытса, қыс қатты боларын болжаған жөн. Кейде керісінше де болуы мүмкін.

Қыста қар жапалақтаса, күн жылынуының нышаны.

Қыста тұман түссе, күннің жылынуының белгісі. Күндіз күн тымық болып, сондай - ақ күн тұман, бұлт астында батса, ертеңгі күннің жақсару нышаны.

Қыстың басында қар көп жауса, алдағы жаз басында да, күшті жауын жаууын күте беруге болады.

Жазғы жауында аспан көгеріп ашылса, іле тоқтайды.

Жыл мезгілінде болған құбылыстар кезектесіп отырады. Жаздағы жылы жел, қыста үскірік суық болып қайтып келеді.

Психологиялық тест: Айрықша әдемі құстың бірін таңдаңыз!
Ет сүрлеудің түрлі әдісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу