«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ шығар...

Oinet.kz 06-09-2020 1156

Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали:

— Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да орын барма отырғанға? – десе, рульде отырған (сол кездегі ең алғашқы таксист əйел екен) әйел:

Без названия.jpg

— Мен саған бала емеспін, – депті.

Сонда Мұқағали тағы да:

— Шопыр қыз, Шопыр қыз! Онда мені машинаңа отырғыз, – депті.

Əйел тағы да:

— Мен саған қыз емеспін, – депті.

Мұқағали əйелдің бетіне қарап:

— Шопыр қатын, Шопыр қатын! Машинеңде орын барма отыратын?! – депті.

Ашуға булыққан əйел: – Немене, келіншек десең тіліңе жара шығама, қатын деп қақылдамай? – десе, Мұқағали:

— Əй қалқам, “қатын” деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің.

“Қатын” деген қасиетті бес əріптен құралған:

Қ – дегенім — қадірлім,

А – дегенім — ардақтым,

Т – дегенім — тынысым,

Ы – дегенім — ырысым,

Н – дегенім — намысым! – деген екен.

Сонда əйел, “Отырыңыз аға! Ендігі жерде қатын болып жүрейін!” – деген екен…

Шымкенттіктердің тіл қолданысындағы сөздері
Қасқырлар туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу